Атырау, 24 желтоқсан 19:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

1 068 просмотра

Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Марлен Қасенов тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа басшыны ұжымға аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Марлен Маратұлы Қасенов 1987 жылы 25 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

2006 жылы – Астана қаласының сауда-экономикалық колледжін, 2010 жылы – Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, 2017 жылы – РФ Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын маркетинг, аймақтық және муниципалдық менеджмент мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек өтілі:

2007-2012 жылдар аралығында ҚР Президентінің Іс Басқармасы «ҚР Президентінің әкімшілігі мен үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» дыбысты күшейту және кеңсе техникасы бөлімінің көшірме жұмыстары секторының технигі болып бастап, түрлі басшылық лауазымдарды атқарды. Кейін РМКК Тұңғыш Президентінің мұражайын пайдалану қызметінің жоғарғы санатты менеджері қызметінде болды.

05.2012 жылы «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлігі бөлімі» ММ ауылдық территорияларының бақылау, жоспарлау және даму бойынша бас маманы;

05-10. 2012 жылы ММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» бас маман;

10.2012-01.2013 жылдар аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар істері комитеті әкімшілік-құқықтық және қаржы басқармасының сарапшысы;

01.2013-12.2015 жылдар аралығында ҚР парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі;

12.2015-12.2016 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы;

2016-2017 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы;

01-10. 2018 жылы Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы;

10.2018-04.2019 жылдар аралығында ҚР Президентінің әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің сарапшысы;

11.2019-09.2020 жылдар аралығында Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары;

2020-2023 жылдар аралығында Іле ауданы әкімінің орынбасары;

02-11.2023 жылы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары;

12.2023-06.2024 жылдар аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары;

2024 жылдың маусымынан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрлымды дамыту департаментінің директоры лауазымын атқарды.

15 қараша, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.