Атырау, 29 наурыз 22:54
 ашықВ Атырау +15
$ 503.42
€ 542.08
₽ 6.00

Атыраудың джиу-джитсу шеберлері БАӘ әлем чемпионатын бағындырды

1 291 просмотра

Атырау спортшылары дзю-джитсудан Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатының екі күнінде бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Джиу-джитсудан Тахир АЙСИН әлем чемпионы атанды. Ол 62 кг салмақта, 1 қызыкүрең белбеуінің шебері санатында алтын медаль алды.

Данагер МҰХИТОВ 56 кг салмақта, 1 көк белбеу шебері санатында күміс медаль иеленді.

Қола медаль 62 кг салмақта 2 қызылкүрең белбеуінің шебері санатында Арбаб БАКОНОВҚА және 62 кг салмақта 3 көк белбеу шеберу санатында Ринат БАТЫРБАЕВҚА бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Абу-Дабидегі джиу-джитсудан әлем чемпионаты – әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады. Чемпионат шамамен сегіз күнге созылып, әлемнің түкпір-түкпірінен 10 000-нан астам спортшыны тоғыстырады. 

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

15 қараша 2024, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.