Атырау, 24 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ресей Украинадағы соғыста жараланғандарға төленетін соманы азайтпақ

422 просмотра
Фото: Moscow-Live.ru 

13 қарашада Ресей президенті Владимир Путин «Тұлғалардың жекелеген санаттарына біржолғы төлемдерді төлеу туралы» шешімге қол қойды, деп хабарлайды Жас Алаш.

Құжатқа сәйкес Ресей Федерациясының үкіметіне  жарақат алған немесе контузия алған әскери қызметшілерге олардың жарақатының ауырлығына қарай төленетін төлем мөлшерін анықтау тапсырылды.

Ресей үкіметінің қаулысына сәйкес, «ауыр немесе жеңіл деп жіктелген жарақаттар бойынша сақтандыру туралы шешім қабылданады» және 3 миллион рубль көлемінде төлем жасалады.

Жеңіл жарақат алған әскери қызметшілерге төленетін өтемақы мөлшері 1 миллион рубль, ал жарақаттың кез келген басқа түрлері үшін 100 000 рубль мөлшерінде белгіленді.

Төлем тәртібі өзгергенге дейін жараланған әскери қызметші жарақатының ауырлығына қарамастан 3 миллион рубль өтемақы алды.

Айта кетейік, Украинамен соғысқа қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ ұрыс қимылдары кезінде жараланған және қаза тапқандардың туыстарына кейінгі 12 ай ішінде – 2023 жылдың шілдесі мен 2024 жылдың маусымы аралығындағы Ресей үкіметі 2,75 - 3 трлн. рубль төлеген. Бұл сома Ресейдің 2024 жылы ЖІӨ-нің 1,5% құрайды.

14 қараша, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.