Атырау, 24 желтоқсан 22:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

“Өзенмұнайгаз” компаниясы Жаңаөзендегі ереуілшілермен келіссөз жүргізіп жатыр

1 117 просмотра
Компанияның ресми сайтынан алынған сурет

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы Жаңаөзендегі бұрғылау компаниясының ереуілге шыққан жұмысшыларымен келіссөздер жүргізуде. Бейсенбіде компания мәлімдегендей, талаптардың әрбір тармағы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды “Власть”.

“Жұмысшылардың талаптарының әрбір тармағы мұқият қарастырылады. Барлығы құқықтық шеңберде және заңнама деңгейінде, соның ішінде ҚР Еңбек кодексінің аясында шешілуі керек”, - делінген компания хабарламасында.

Компания келіссөздерден кейін «қажет болған жағдайда қосымша ақпарат берілетінін» айтты.

Бір күн бұрын Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» еншілес кәсіпорны «Өзенмұнайгаз» компаниясына қызмет көрсететін «Бұрғылау жұмыстарының басқармасы» компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып, ереуілге шыққаны хабарланған болатын. Олар қаладағы жұмыссыздықты жоюды, 2013 жылға дейін қолданыста болған тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралуды, сондай-ақ «Өзенмұнайгаз» зейнеткерлерінің балалары мен жұмыста денсаулығынан айырылған жұмысшылардың балаларын жұмысқа қабылдауды талап етті.

14 қараша, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.