Биыл 8 желтоқсанда Атырау облысының 3 сайлау округінде мәслихаттардан шығып қалған депутаттардың орнына жаңа депутаттарды сайлау өтеді.
Үміткерлер Атырау қаласы және Жылыой, Қызылқоға ауданы бойынша 3 мәслихат депутатының орнына сайлауға түседі.
Атырау облыстық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша сайлауда кандидаттарды ұсыну 13 қараша 18.00-де аяқталып, сайлау науқанына барлығы 10 кандидат ұсынылған. Оның ішінде 3 саяси партиядан, 7 өзін-өзі ұсыну тәртібімен түскен.
Атырау қаласы мәслихатының №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына 3 кандидат үміт білдірген.
Капанов Уркен Бахтиярұлы "Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" КММ директоры. Кандидатты
«АУЫЛ» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облысы бойынша өңірлік филиалы ұсынған.
Муратуллин Жанадил Тлеккабылұлы "КАПЭ-Атырау" ЖШС мекемесінде етекші эколог. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Кайрекешов Габит Хамбалұлы «Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» КМҚК директорының орынбасары, өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына тіркелген кандидаттар:
Даруишова Алмагул Шынбергенқызы «Жылыой аудандық орталық кітапхана» ММ қарасты №4 Жаңа Қаратон кентінің кітапхана бөлімшесінің кітапханашы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Култаев Адилет Мазапұлы «ТасМұнайСервис» ЖШС нің қаржы директоры. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Сатыбалдиев Амангельди Тенгегалиұлы «Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округіне қарасты «Шоқпартоғай мәдениет үйі» КМҚК директоры. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Осы сайлау округі бойынша тіркелген тағы бір кандидат өз өтініші негізінде кандидат ретінде тіркеуден қайта шығарылған.
Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына 3 кандидат тіркелді:
Салықов Бекжан Болатұлы «Атырау облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ Қызылқоға ауданы Мансап орталығы филиалының маманы. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Бисенбаев Кенжебек Нурланұлы «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Арман» мәдениет үйі директоры
Өзін-өзі ұсыну тәртібімен тіркелген.
Омаров Бекбол Акбергенұлы, Қызылқоға ауданы білім бөліміне қарасты Кенбай орта мектебінің директоры. Кандидатты «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалы ұсынған.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ