Атырау, 24 желтоқсан 21:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Атырауда​ тарихты еске салар ақша жәдігерлерінің​ көрмесі өтіп жатыр

1 008 просмотра

Бүгін, 15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде көрме ашылды.     

Ол елімізде әр жылдары қолданыста болған ұлттық валюта - теңгеге және әр елдің қағаз, тиын ақшаларына арналған. 

Көрмеге музей қорындағы тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш шыққан банкноттар мен монеталар, XVIII-XX ғасырларда қолданыста болған ақшалар коллекциясы, әлемдік валюталар, сонымен қатар патшалық Ресей, КСРО кезіндегі ақшалардан құралған 80-нен астам жәдігер қойылған. 
        
Ұлттық валютаның шығу тарихы мен оның ел экономикасында алатын орнын көпшілікке  насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған көрме 18 қарашаға дейін музей көрермендерінің назарына ұсынылатын болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 қараша, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.