Атырау, 24 желтоқсан 22:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

«Qabilet» жобасы атыраулық оқушылардың қабілетін анықтайды

925 просмотра

Атырау облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, басқармаға қарасты “Таланттарды анықтау және қолдау орталығының” мамандары күні бүгінге дейін 300-ге жуық оқушыны диагностикадан өткізіп, қабілетін анықтаған.

«Qabilet» қызметі ата-аналарға балаларының қабілеті мен дағдысын ашуға көмектеседі, сонымен  қатар  баланың дамуына ықпал етеді. Жобаның мақсаты – оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарын диагностикалаудың бірыңғай жүйесін құру, сонымен қатар олардың зияткерлік және жеке әлеуетін іске асыру үшін қабілетті балалар мен дарынды жастарды қолдау. Сонымен қатар қабілеті анықталған баланы кәсіптік дамыту бойынша кеңес беруді көздейді.

- «Qabilet» жобасы   оқушы, мұғалім және ата-ана жұмысын жандандыруға зор ықпал етеді. Әр оқушының бойындағы ешкімге көрінбейтін, сезілмейтін қабілеттерін, дарындылығын ашуға оңтайлы  мүмкіндік туып отыр. Өйткені әр оқушы  жасына қарай онлайн - тест  тапсырып, нәтижесінде креативтілік, сыни ойлау, коллаборация, коммуникативтілік бойынша қабілеттері 3 деңгейде  анықталады. 

Бірінші деңгей жоғары ұпай (80-нен жоғары) жинап, дарындылық қабілеті анықталған оқушылар орталық психологтарынан кеңес ала отырып, орталықтың базасына енгізіліп, онымен  қолдау, дамыту  жұмыстары жоспарланады. Екінші  деңгей - орташа ұпай (50-69) жинаған оқушылармен ата-ана жұмыс жасап баланың қабілетіне байланысты курстарға беріп жеке жұмыс жасайды. Яғни, ата-ана өз баласының бойындағы қабілеттерін дамытуға жұмыстанады.  Үшінші  деңгей, яғни төмен ұпай жинағандар «Жақын арадағы даму аймағындағы оқушылар»  мектеп психологының құзырында болып, ата-анамен бірлесе  отырып, сол оқушылармен жоспарлы жұмыс жасайды, - дейді Таланттарды анықтау және қолдау орталығының әдіскері Әлия ОҢДЫБАЕВА.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

14 қараша, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.