Атырау, 24 қараша 17:21
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Энергетика вице-министрі Теңіз кенішіндегі Болашақ кеңейту жобасының іске асырылу барысын қадағалады

954 просмотра

2024 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Теңіз кен орнына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Сапар барысында Министрлік делегациясы кешенді технологиялық желілерді, екінші буын зауытын, үшінші буын зауытын және бірлескен өндірісті басқару орталығын қоса алғанда, негізгі өндірістік объектілерге аралады. Кен орнында мұнай өндіруді едәуір ұлғайтуға арналған Болашақ кеңейту жобасын (БКЖ) іске асыруға байланысты нысандарға ерекше назар аударылды.

Вице-министр Ә.Жамауов Теңіз кен орны операторының басшылығымен кездесу өткізді, оның барысында мұнай мен газ өндірудің ағымдағы көрсеткіштері, сондай-ақ жобаның келешектегі дамуын талқылады.

Сонымен қатар, сапар аясында делегация БКЖ-на қатысты нысандарды қарап шықты, онда оларды іске қосудың жоспарлары мен техникалық аспектілері пысықталды.

Вице-министр мұнай өндірісін жылына 12 миллион тоннаға ұлғайтуға және Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін едәуір нығайтуға мүмкіндік беретін БКЖ объектілерін уақтылы пайдалануға берудің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

14 қараша, 10:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.