Атырау, 11 желтоқсан 23:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Анасы баласы үшін 20 мың теңгеден алимент алуға қол жеткізді

781 просмотра

Махамбет аудандық сотында талап қоюшы С.-ның жауапкер Б.-дан өзінің пайдасына баласы 3 жасқа толғанға дейін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі медиация тәртібімен аяқталды.

Судья медиатор тараптарға медиациялық келісімнің артықшылықтары мен тиімділігін түсіндіріп, оларды келісімге келуге шақырды.

Нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді. Әкесі ұлының анасына ай сайын 20 мың теңгеден төлеуге келісті. Өз кезегінде әйел талап арызынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, тараптарға құқықтық салдары түсіндірілді. Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

13 қараша, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.