Атырау, 12 желтоқсан 01:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Қашаған кен орнына барды

772 просмотра

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов Қашаған ірі қазақстандық мұнай-газ кен орнының нысандарына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Сапар барысында вице-министр басқарған делегация құрлықтағы және теңіздегі өндірістік кешенмен егжей-тегжейлі танысты. Мұнай мен газ өндірудің ағымдағы деңгейіне, сондай-ақ Болашақ зауытынан күкіртті шығару процесіне ерекше назар аударылды.

Консорциум басшылығымен жұмыс кездесуі аясында Каспий теңізінің төмендеу деңгейіне байланысты өзекті мәселелер және 2А және 2Б кезеңдерін қоса алғанда, кен орнын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қазан айында Қашаған кен орнында Слаг-кетчерді (суды, газды және бөлшектерді мұнайдан бөлу үшін қолданылатын технологиялық жабдық) ауыстыру бойынша жоспарлы жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл маңызды технологиялық жабдық мұнайды тасымалдауға дайындау процесінде шешуші рөл атқарады.

Сапар қорытындысы бойынша Әлібек Жамауов Қашаған жобасының Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығын атап өтіп, кен орнының одан әрі табысты дамуына сенім білдірді.

13 қараша, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.