Атырау, 25 желтоқсан 06:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​«Қаражанбасмұнай» АҚ бас директорының орынбасары тағайындалды

835 просмотра
Сурет: «Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі

«Қаражанбасмұнай» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымына Мұхаметжан ТӨЛЕНДІҰЛЫ тағайындалды.

Ол 1985 жылы 9 желтоқсан күні дүниеге келген. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығын үздік тәмамдап, Д.Қонаев университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2009 жылы «ТрансАзиянефть» ЖШС-де менеджер болып бастаған. 2011-2023 жылдар аралығында «ӨзенМұнайГаз» АҚ-да инженер, аға инженер, сатып алу бөлімінің басшысы, департамент директоры, Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Жаңа лауазымға дейін «АТТМ ГРУПП ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ» ЖШС-де директордың өндіріс бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.

13 қараша, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.