Атырау, 25 желтоқсан 06:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Трамп Маскті жаңа лауазымға тағайындады

444 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Кәсіпкерлер Илон Маск және Вивек Рамасвами мемлекеттік аппаратты қысқартып, қайта құрылымнан өткізуге жауапты уақытша құрылған жаңа мекемеге жетекшілік етеді деп мәлімдеді АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

Трамп екі кәсіпкерді мемлекеттік қызметте "радикал өзгерістер" жасайтын "үкіметтің тиімділігі жөніндегі басқарманың" жетекшісі ретінде тағайындағанын айтты.

"Бюрократиясы аз тиімдірек үкімет құру Тәуелсіздік декларациясының 250 жылдығы қарсаңында америкалықтарға керемет сый болады" деп жазылған Дональд Трамптың мәлімдемесінде.

Жаңа басқарманың мақсат-міндеті - "мемлекеттік бюрократияны жою, шамадан тыс реттеулерді азайту, тиімсіз шығындарды қысқарту және федералдық қызметтерді қайта құрылымдау" деп айтылады. Басқарма 2026 жылдың шілдесіне дейін өз жұмысын аяқтауы керек.

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск және Roivant Sciences дәрі-дәрмек компаниясының негізін қалаушы Вивек Рамасвани мемлекет шығынын қысқартып, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту тәрізді үндеулерімен танылған.

Маск жаңадан сайланған президентке мемлекет бюджетін 2 трлн долларға қысқартуға көмектесетінін айтқан. Оның мұны қалай жүзеге асыратыны белгісіз. Ал экономистер Трамптың салықты азайту туралы уәдесі мемлекет қарызының күрт көбеюіне алып келуі мүмкін деп санайды.

Трамп сонымен бірге Fox News телеарнасының саяси шолушысы Пит Хегсетті қорғаныс министрі қызметіне кандидат ретінде ұсынды. 44 жастағы Ирак және Ауғанстан соғысының ардагері "Ардагерлер бостандық үшін" және "Мазасыз ардагерлер" үкіметтік емес ұйымдарына жетекшілік етеді.


13 қараша, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.