Атырау, 3 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.58
€ 551.91
₽ 4.93

ЕАЭО елдерінде туристік маршрут карталарын ескеру ұсынылды

369 просмотра
ФОТО : Shutterstock/FOTODOM

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне туризм саласындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және туристік қызмет көрсету нарығын дамыту үшін бірлескен еуразиялық туристік маршрут карталарын ескеруді ұсынды. Бұл туралы Sputnik комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Карталар ұйымға қатысушы елдердің ұсыныстарына негізделген және Еуразияның 419 туристік орны, 38 бағдары және қозғалыс әдістері туралы ақпаратты қамтиды.

ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бәкеновтың айтуынша, маршрут карталары туристерге ЕАЭО елдеріне сапарын оңай және ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді, сонымен қатар туризм инфрақұрылымын дамытуға және туристер санының артуына ықпал етеді.

"ЕАЭО-да туризмді дамытудың әлеуеті зор. Ұйымға қатысушы елдердің бай мәдени-тарихи мұрасы мен бірегей табиғи нысандары бар. Біздің ұсынысымыз ЕАЭО елдерінде туризмді дамытудағы күш-жігерді біріктіруге, саяхаттау үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және туристік қызмет көрсету нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді", - деді департамент директоры.

ЕЭК Алқасының ұсынысында карталар туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және туристік қызмет көрсету нарығын дамыту жұмыстарын жүргізу кезінде ескерілетіні көзделген. Сонымен қатар елдер карталарды кейіннен жаңарту бойынша ұсыныстар жасай алады.

13 қараша, 13:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.