Атырау, 25 желтоқсан 10:52
 бұлттыВ Атырау 0
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​"Доллардың күшеюіне Трамптың жеңісі ықпал етті" - Ұлттық банк

424 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы жағдайға түсініктеме бере отырып, Дональд Трамптың АҚШ сайлауындағы жеңісі жаһандық қаржы нарығының өгерісіне әкелгенін мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта біз жаһандық қаржы нарықтары тым қатты құбылып тұрғанын байқап отырмыз. Бұған, әлбетте, АҚШ-тағы президент сайлауының нәтижесі айтарлықтай ықпал етті. Д.Трамптың жеңісі АҚШ долларын күшейтіп, дамушы елдердің валюталары, соның ішінде теңге де әлсіреді" деп келтіреді ол түсіндірмесінде.

Оның үстіне, мұнай котировкалары да қалыпты түрде төмендеп, 1 баррелі 74-75 АҚШ долларынан 71,83 АҚШ долларына дейін түсті (2024 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша). Себебі әлеуетті сауда баждары мен Д.Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ-тан көптеп мұнай жеткізудің өзі шамадан тыс артық ұсынысқа әкеледі деген экономистердің болжамы әсер еткен. 

Сыртқы нарықтардағы құбылмалы жағдай валюта нарығына қатысушылардың қимыл-әрекетіне де әсер етеді. Шетел валютасына ұсыныс айтарлықтай төмендеп, оған деген сұраныстың бір мезгілде өскенін байқалған. Бұл өз кезегінде теңге бағамының әлсіреуіне ықпал етеді. 2024 жылғы қарашаның басынан бері ұлттық валютаның биржалық сауда-саттықтағы бағамы 1,4%-ға әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 495 теңгеге жеткенін айтты.

- Өкінішке қарай, спекулятивтік сипаттағы мәмілелердің көбейгені де байқалып отыр. Бұл да айырбас бағамын тым құбылтып жібереді. Өтімділік жеткіліксіз жағдайда бұл – бағамның айтарлықтай ауытқуына әкелуі мүмкін. Біз бұған дейін мәлімдегеніміздей, Ұлттық Банк ұлттық валюта бағамына тән өзгерістерге мән бере қоймайды. Өйткені мұның барлығы фундаменталды факторлармен дәйектелген. Алайда, соңғы күндердегі теңгенің құбылуына – тек қана фундаменталды факторлар ықпал етпей отырғанын айтуға мәжбүрміз. Осыған байланысты Ұлттық Банк ұлттық валютаның құбылу шамасын – шамадан тыс деп бағалайды" - дейді Молдабекова.

Ол Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды қадағалап отырғанын, ағымдағы үрдістер, әсіресе, спекулятивті көңіл-күй сақталған жағдайда, әділ бағам қалыптастыруды қалпына келтіру үшін және ұлттық валюта бағамының күрт өзгеруіне жол бермеу үшін Ұлттық Банк жедел әрекет етіп, валюталық интервенция жүргізуге дайын екендігін жеткізді.

13 қараша, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.