Бүгін, 13 қарашада Атырау облысының жедел штабы терроризмге қарсы ҚР АТО аясында жоспарлы «Атырау-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуын өткізеді.
Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру. Көрсетілген уақыт ішінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі.
Осы ретте, қала тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұрайды.