Атырау, 25 желтоқсан 18:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Қашағанда шетелге газ тасымалдайтын құбыр салынады

660 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Қашағандағы «Болашақ» зауытынан Атырау стансасындағы теміржол эстакадасына дейін сұйытылған газды айдайтын 18,5 шақырымдық құбыр құрылысы жаңа жылда басталуы керек, деп хабарлайды «Нефть и газ» телеграм-каналы.

Этан, бутан және пропанның сұйық қоспасын тасымалдауға арналған қуаттылығы сағатына 213,4 текше метр газ құбыры құрылысының жобасын «Eskene LPG» ЖШС жүзеге асырады.

Кәсіпорын 2023 жылдың желтоқсанында «Өнеркәсіптік газдарды өндіру» қызметі түрімен тіркелген. Қазіргі уақытта құрылтайшылар – «Астана» ХҚО-да тіркелген LPG Tech Ltd жеке компаниясы және Qazcon Oeic Ltd жеке ашық инвестициялық компаниясы. QazaqGaz ЖШС-мен жасалған келісімге сәйкес, «Eskene LPG» ЖШС Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын қабылдау, ауыстырып тиеу және фракциялау қызметтерін көрсетуі тиіс. 

Ішкі нарықтан бөлек, газдың айтарлықтай көлемі экспортталады деп болжанып отыр. Еуропалық Одақта ресейлік СМГ импортына салынған тыйым желтоқсан айында күшіне енетінін ескерсек, еуропалық нарық өте тартымды көрінеді.

12 қараша, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.