Атырау, 25 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырауда гидротехникалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа кәсіпорын құрылды

Сурет
620 просмотра

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат МҰРЗИЕВ Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

«ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасымен елімізде «Табиғат» жаңа мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылды», - деп жазады Мурзиев өз жазбасында.

Оның айтуынша, ол облыс меншігіндегі гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысады.

Қазіргі таңда ҚР Су шаруашылығы және ирригация министрлігі «Қазсушар» РМК Атырау филиалының теңгерімінен облыс әкімдігінің меншігіне 12 канал мен «Ералы» су торабын беру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстармен облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті айналысып жатыр.

– «Табиғат» кәсіпорны «Қазсушар» РМК-ның нысандарға қызмет көрсету функцияларын толығымен өз мойнына алады. Қазіргі уақытта барлық құқық белгілейтін құжаттар қолданыстағы заңнама аясында қаралу үшін мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына жолданды. Сондай-ақ мекеменің штаттық құрамын жасақтау жұмыстары да жүргізілуде.
Штат мақұлдағаннан кейін «Табиғатты» қажетті техникалармен қамту мәселесі қаралатын болады. Кәсіпорын өңірдегі каналдарды, гидротехникалық нысандарды күтіп-ұстау, жөндеу сынды тасқынның алдын алу бағытында жасалуы тиісті жұмыстарға жауапты болады, - деп атап өтті Мурзиев.

Айнұр САПАРОВА

12 қараша, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.