Атырау, 3 желтоқсан 22:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.58
€ 551.91
₽ 4.93

​Сербияда қайғылы оқиғаға байланысты халық шеруге шықты

446 просмотра
Фото: Marko Djurica / Reuters / Scanpix / LETA

Олар Нови Сад қаласындағы теміржол вокзалында болған қайғылы оқиғаға байланысты бас көтерген, деп хабарлайды 24.kz.

Осының алдында аталған ғимараттың шатыры құлап, 14 адам опат болған еді. Ереуілшілер оқыс оқиғаға кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті. Олардың арасында қазіргі премьер-министр мен Нови Сад мэрі бар.

Наразы топ сондай-ақ шетелдік мергігер компанияларымен келісім-шарттың мәтінін ашық жариялауды сұрап отыр. Ғимаратқа 3 жыл бұрын және биыл жөндеу жүргізілген еді. 

Естеріңізге сала кетейік, вокзалдың бетон, метал мен шыныдан жасалған 50 метрлік шатыры опырылып түскен болатын.

12 қараша, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.