Атырау, 23 желтоқсан 07:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында жыл басынан бері 11 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

832 рет қаралды

Жыл басынан бері облыстағы мансап орталықтарына жұмыспен қамту мәселесі бойынша 22 384 жас хабарласып, оның 11 165-і жұмыспен қамтылды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а. Еркебұлан Әбілқасымов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олардың 8 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасса, 4 мыңы уақытша еңбекке араласқан.

Ал 355 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен қамтылса, «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша 19 маман жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, 22 мыңнан аса атыраулық жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілген.

- Биыл жұмыссыз жүрген азаматтар үшін, соның ішінде жастарға арнап бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге облыстағы 38 мекеме қатысып, 300-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке барысында мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпарат берілді . Жалпы статистикалық дерек бойынша осы жылдың екінші тоқсанында жастардың жұмыссыздық деңгейі – 2,5 пайызды құрады,- деді Е.Әбілқасымов.

12 қараша 2024, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.