Атырау, 25 желтоқсан 17:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Мемлекеттік емханалар «Әлеуметтік әмиян» электрондық сервисіне қосылды

606 просмотра
Видеодан жасалған скриншот

Қазаннан бастап 5 мыңға жуық рецепттегі дәрілер электронды түрде берілді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Абилова мәлім етті , - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Енді азаматтарға қағаз рецепт алу үшін дәрігерге жазылудың қажеті жоқ. Олар тікелей дәріханаға барып QR-код арқылы «Әлеуметтік әмиян» сервисімен қажетті препаратты ала алады.

- Айта кетейік, жаңа сервис eGov Mobile қосымшасында орналасқан. Егде жастағы тұрғындар немесе «Әлеуметтік әмиян» мемлекеттік сервисінің қызметтерін пайдалана алмайтын басқа адамдар үшін емханаға барған кезде Face-ID және веб-камералардың көмегімен сәйкестендіруден өту жеткілікті. Содан кейін пациенттің қолына тиісті дәрі-дәрмек беріледі. Сондай-ақ, олар осы қосымша арқылы қажетті препараттың дәріханада бар-жоғын да біле алады, - деді жастар денсаулық орталығының басшысы Әлішер Талғат.

«Әлеуметтік әмиянды» пайдалану азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, заңсыз айналымды болдырмау, бұрмалау және басқа да бұзушылықтар саласында қолжетімділік пен толық ашықтыққа мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік әмиян» қызметін пайдалану үшін App Store және Play Market дүкендерінде қолжетімді eGov Мobile қосымшасын жүктеп алу қажет.


12 қараша, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.