Атырау, 25 желтоқсан 18:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

​Құрманғазы ауданында тұрғын үйдегі өрттен анасы мен баласы көз жұмды​

736 просмотра
Көрнекі сурет

Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылындағы Ш.Уалиханов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шығып, бөлмеден шыға алмай қалған анасы мен ұлы тірідей жанып кеткен. Ал, қолы күйген әкесі мен түтінге уланған қызы ауруханаға жеткізілді.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, тұрғын үйдегі өрт 5 қарашада болған. Бірақ, неге екені белгісіз, бұл оқиға туралы 11 қарашада ақпарат таратылды.

"5 қараша күні сағат таңғы 04:30 – да Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылының Ш. Уалиханов көшесінде орналасқан тұрғын үйден өрт  шыққаны туралы шақырту түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде жеке тұрғын үйге жалғанып салынған ауданы 72 ш.м. болатын уақытша тұрғын үйдің ашық отпен жануын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшесі барлау жұмыстары кезінде 1958 ж.т. әйел мен 1989 ж.т. ер адамның мүрделерін шығарды. Сонымен қатар қолынан күйік алған 1956 ж.т. туған ер адам мен 2019 ж.т. қыз бала түтінге улану белгілерімен  ауруханаға жатқызылған", - деді ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы №7 ӨСБ 9 қызметкер, 2 бірлік техника мен «GRWORLD» ЖШС 3 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылған. Өрт сағат 5:52-де оқшауланып, сағат 6:30-да толықтай жойылды. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың орын алу себептері анықталып жатыр.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 қараша, 10:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.