Атырау, 26 желтоқсан 18:37
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Құрманғазы ауылын жыртқыш аралап жүр

1 215 просмотра
Видеодан скриншот

Құрманғазы ауылында түн ішінде қасқырға ұқсас аңның емін-еркін жүрген видеосы ауыл тұрғындарының үрейін тудырды.

«Бейсауат жүрген жыртқыштың адамға шабуыл жасамасына кім кепіл? Қазіргі уақытта қараңғылық ерте түседі, күн қысқарып, түн ұзаруда. Мектептен келетін балаларымызға алаңдаймыз. Аңшыларды шығарып, неге көзін жоймасқа, - дейді «АЖ»-ға хабарласқан тұрғындар.

- Қасқыр мен шибөрі аулау ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрінің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады. Атырау облысына 2024 жылға 2075 дана қасқыр және 1645 шибөрі аулауға лимит берілген болатын. Жалпы қасқыр мен шибөрі аулауға рұқсат "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамнының Атырау облысы бойынша филиалы арқылы электронды форматта жүзеге асырылады.

Ал ауданға осы жылға 44 аңшыға ресми түрде рұқсат берілді. Ал қасқыр аулауды ұйымдастырып, оны жүзеге асыру ауылдық округ әкімдігіне және жергілікті жердің аңшыларына жүктелді, - дейді Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асқар МУФТАХ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

6 қараша, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.