Атырау, 6 қазан 21:13
 ашықВ Атырау +11
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Жиһад» ұғымы «қасиетті соғысты» емес, «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді". "Қазақстан Қырғызстанға наразылық нотасын жолдады". "Желідегі жөнсіз әзілге жауап бересіз". "Кедейдің психологиясы".

2 070 просмотра

SYRBOYI.KZ. «Жиһад» ұғымы «қасиетті соғысты» емес, «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді» - Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында «Тарих бәрін сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік – бұл тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін және осы үшін жауап беретін халық болмысының бірден-бір формасы» деген болатын.

QAZAQUNI.KZ. «Көмулі жатқан шындық» - Шәкәрім өлеңдерінің текстологиясы мәселесі дұрыс арнаға түспей келе жатқандығына кім кінәлі?

«Дәстүрге айналған қылғыма қонақтар» - Әлмисақтан бергі әр елдің  өзіндік салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өзіне тән ұлттық бояуы,менталитеті бар. Жапон елін тәртіпті десек, қытай елін еңбекқор, заңға қатал деп жатамыз.Ал өзімізді қандай дегенде қонақжай деген сөз аузыңнан ытқып шыға келеді...

KTK.KZ. «Қазақстан Қырғызстанға наразылық нотасын жолдады» - Тату көршілікке жатпайтын әрекет. Бүгін ресми Астана қырғыз тарапының ісін осылай атады. Бірнеше күннен бері дипломатияға салып, әліптің артын бағып келген еліміздің Сыртқы істер министрлігінің қатқыл үні бүгін шықты. Қырғызстаннан су арнасын бөгеп отырғандарды райларынан қайтаруды талап етіп, наразылық нотасын жолдады.

MASSAGET.KZ. «Кедейдің психологиясы» - өрт қылық һәм төрт ақылсыз адамның бай әрі рухы мықты берік жан бола алмасы анық. Қаржылық жағдайды былай қойғанның өзінде, ішкі жан-дүниенің жетімдігі...

«Желідегі жөнсіз әзілге жауап бересіз» - 19 жастағы АҚШ-тың тұрғыны Фейсбук желісіндегі жазбасы үшін бірнеше айға түрмеге тоғытылды. Ол желідегі қолданушылардың бірімен ұрысып отырып, қандай да бір мектептің оқушыларын атып тастаймын деген. Билік бұл әзілді түсінбей, жазба авторын құрықтаған. Осы орайда Lenta.ru әлеуметтік желілерде қандай жазба жазсаңыз заңмен қуадаланатындығыңыз жайлы ақпарат берген екен.

BAQ.KZ. «ӘКЕМ» сияқты болғым келеді...» - Instagram әлеуметтік желісінде жаңа жұлдыз пайда болды. Ол әйгілі маркалы киімдер мен көзілдіріктер тағып, камераға түскенді ұнатады. Бір қызығы бұл сәнқой бар болғаны 5 жаста екен.

«Бұл не деген батпан құйрық?» - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі түбегейлі тексерілетін болды. Бас прокуратура, қаржы полициясы және басқа да мемлекеттік органдар қазақстандықтардың тұрғын үй мәселелерін жеңілдікпен шешу міндеті жүктелген мемлекеттік институттың қаржылық қызметін бақыламақ.

«Жапон ғалымдары рак жасушаларын жоятын тор ойлап тапты» -Жапон ғалымдары майда талшықтардан құралған тор ойлап тапты. Оның көмегімен қатерлі ісік жасушаларының көзін жоюға болады деп хабарлайды NHK телекомпаниясы.

BNEWS.KZ. «Қазақстанның басқару элитасының рейтингісінде Нұртай Әбіқаев көш бастап тұр» - 2013 жылғы маусымда «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ Қазақстанның мемлекеттік органдары басшыларының беделділігі, тиімділігі мен перспективтілігі бойынша кезекті сараптамалық сауалнама жүргізді. Барлығы 24 сарапшыдан сауалнама алынды.

AZATTYQ.ORG. «Қазақ-қырғыз шекара дауы басылмай тұр» - Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы су дауына енді жер дауы қосылды. Қырғыздың сегіз малшысы қазақ шекарасынан өтіп мал жайғаны үшін қамауда отыр.

«Православ ойынның «құрбаны» – Pussy Riot» - Ресей православ шіркеуінің жастар қанаты Pussy Riot панк-рок тобын нысанаға алатын жаңа ойын түрін ойлап тапты.

SERKE.ORG. «Судың сұрауы бар. Қазақтың ше?» - Соңғы  кезде әлемде бір жұтым  су  тапшы болуға айналды. Жер  шары қаталау үстінде. Кезінде АҚШ-тың бір  президенті «мұнайдан  саясат  иісі аңқиды» деп айтқаны бар. Шындығы сол бүгінге дейін болған  һәм  ертеңгі  соғыстың  өзегінде сол көмірсутегі шикізатына  байланысты  тартыс  жатуы  мүмкін. Бірақ, одан арғы күні мемлекетаралық жанжалдардың басты себепкері су  мәселесі болмақ.

AIKYN.KZ. «Сіз өлген итті өлтіріп көрдіңіз бе? Көшедегі итті емес, ішіңіздегі итті...» - Таяуда теледидардан «Вот где зарыта собака» деген сөзді «Міне, итті қайда көмгенін көрдің бе?» деп аударғанына куә болғанбыз. Қазақтан артық сөз айтқан ел бар ма? Мұны бір-ақ ауыз сөзбен «Ішінде ит өліп жатыр» деді. Қандай зор мағына?

«Бәсеке бағымызды байламасын» - Министрлер кабинетінің кешегі жиынының нәтижесінде Ерболат Досаев пен Әсет Исекешев қосымша лауазымдарға қол жеткізді. Бұл ретте Е.Досаев – Оңтүстік Қазақстан, ал Ә.Исекешев – Қарағанды облысына «куратор» болып барады.

ZHEBE.COM. «Орыс және ағылшын тілдері қазақ тілінің ығында жүрсін...» - Иә «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді»- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ артық болмас.

«Қазақ баласын қай спорт түріне бергені дұрыс?!» - Қазақ спортшылары Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген барлық спорт түрлерін қамту үшін не істеу керек?

OTYRAR.KZ. «Назар аударыңыздар! Дәрігерлер ес-түссіз жатқан науқастың туыстарын іздейді» - Науқастың кім екенін анықтауға көмектесіңіздер! Шымкенттік дәрігерлер осылай деп тұрғындардан көмек сұрайды. Қалалық жедел-жәрдем ауруханасына шілденің 12-інен 13-іне қараған түні жасы шамамен 22-25 шамасындағы жігіт жеткізілген.

17 шілде 2013, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.