Атырау, 28 желтоқсан 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Жануар азаптаушылардың бас бостандығы шектелді

851 просмотра

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соты итті айуандықпен өлтірді деп айыпталғандарға үкім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусым күні Қызылқоға ауданындағы Мұқыр ауылында екі жас жігіт иттің үстіне жанар-жағармай құйып, содан соң оны өртеп жіберген. Қылмыс ұялы телефонға түсіріліп, ғаламторға жарияланған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тез тарап, қазақстандықтардың орынды наразылығын тудырды.

Полиция департаментінің сол кездегі баспасөз мәлімдемесіне сәйкес, 2003 және 2006 жылы туған екі күдікті ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабының 2-бөлігіЖануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау»)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көп ұзамай атыраулық жануар қорғаушылар бұл әрекеттің саралануымен үзілді-кесілді келіспейтіндіктерін білдіріп, істі 316-баптың 3-бөлігі бойынша, яғни жануарды өлтіру алдын ала сөз байласу арқылы және телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы адамдар тобы жасаған деп, тергелуін талап етті. Анағұрлым жеңіл екінші бөліктен айырмашылығы - бұл бөлікте бір жылға дейінгі мерзімге нақты бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Шамасы, жануар қорғаушылардың наразылығы ескерілген болуы керек, бірақ сотта айыптау бөлігі ішінара жойылды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың мәліметінше, сотталушылардың (біреуі 18-ге толмаған) итті ұстап алғаны, біреуі оған бензин құйып, өртегені, ал екіншісі жануарды кесек темірмен соғып өлтіргені анықталды.

«Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Прокурор алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, істеген істеріне өкініп, жазаларын жеңілдетуді сұрады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Нәтижесінде сот оларға «жеңілдететін мән-жайлар: шын өкінгендерін, жас екендерін және соттылығының болмауын, сондай-ақ жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып», жарты жылға бас бостандықтарын шектеуге үкім шығарды.

Сонымен бірге, сот процесі кезінде сот қандай да бір себептермен айыптаудан «көпшілік немесе масс-медиа құралдарын, телекоммуникация желілерін немесе онлайн платформаларды пайдалану» бөлігін «бұл тұрғыда айыптың дәлелденбеуіне байланысты» деген тұжырыммен алып тастады.

Соттың (полицияның да) хабарламасында үшінші қатысушының – мұның бәрін видеоға түсірген адамның рөлі туралы ештеңе айтылмаған. 

Лев ГУЗИКОВ 

28 қазан, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.