Атырау, 29 желтоқсан 10:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Атыраулық жануарлар құқығын қорғаушылар Мұқырдағы жануар азаптаушыларды қатаң жазалауды талап етті

Сурет Бейнежазба
1 141 просмотра

Бүгін, 21 маусымда жануарлар құқығын қорғаушылар қалалық прокуратура ғимаратының алдына жиналды. Жануарларға қатыгездік көрсету фактілерінің көбейіп бара жатқанына ашуланған еріктілер Атырау облысында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы жуырда ғана қабылданған заң жұмыс істемейді деген пікір білдірді.

Естеріңізге салсақ, әлеуметтік желіде Атырау қаласында екі жас жігіттің итке тұтанатын сұйықтық шашып, жануарды өртеп жібергені туралы видео тараған болатын. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 маусымда Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылының маңында болған. 2003 және 2007 жылы туған күдіктілер ұсталып, оның үлкені уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істе үшінші – видеоны түсірген адам бар. Бірақ ол ПД таратқан баспасөз хабарламасында айтылмайды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 2-бөлігі («Жануарға оның мертігуіне алып келген қатыгездікпен қарау») бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі. Бұл тармақпен атыраулық жануарлар құқығын қорғаушылар келіспейді. Олар жануарды өлтіру алдын ала сөз байласу және телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған деген баптың 3-бөлігі бойынша іс тергелуі керектігіне сенімді. 3-бөлік бойынша жаза 2 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруды қарастырады, ал 2-бөлімде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

«Мен жасалған әрекетті сұмдық қылмыс деп есептеймін, - дейді қала тұрғыны Юлия ЕФРЕМОВА. - Егер олар айыппұл төлесе немесе кешіріммен құтылса, бұл зорлық-зомбылыққа бейім әр адамға еркіндік береді. Мұндай қылмыс үшін қатаң жаза болуы керек. Бұл бейшара итке ғана қатысты емес, мұны түсінуіңіз керек. Мәселе тірі жанға жасалған қатыгездікте жатыр. Кейіннен әрқайсымыз осындай адамдардың құрбанына айналуымыз мүмкін».

«Жануарларды қорғау мәселесін әкімдікте еш қарастырмайды. Апта сайын қалада немесе облыста жануарларға қатысты қорқынышты оқиғалар болып жатыр. Біз әлеуметтік роликтер мен билбордтардың көмегімен қоғамға қамқорлықпен қарау ұғымын, жануарларды ұрықсыздандыру және чиптеу қажеттілігі туралы енгізгіміз келеді. Мұны өзіміз жасауға дайынбыз. Бізге бұл қызметке рұқсат қана керек, - дейді SenFoundation жануарларды қорғау ұйымының волонтеры Гузель БӨЛЕКБАЕВА. – Бірақ қала билігіне қалай жеткізуге болады? Біз түрлі кабинетке жолдап, әбігерге салмай, қаладағы барлық жануарлар құқығын қорғаушыларды әкімдікке жинап, осы маңызды мәселені ашық талқылағанын қалаймыз».

Сол уақытта жиналғандар прокуратура ғимаратының фойесіне кірген екен. Ол жерде жануарлар құқығын қорғаушылар бұл істі жан-жақты тексеріп, кінәлілерді заң шеңберінде жазалауды талап етіп арыз жазды.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

21 маусым, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.