25 желтоқсанда Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рахимли бар жағдайды баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 1news.az Telegram- арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Алғашқы соққыдан кейін оттегі маскалары түсіп қалды. Біз не болып жатқанын көру үшін салонға кірдік. Сол кезде екінші соққы болып, стюарт Зүлфұғардың сол қолы жараланды. Мен оған алғашқы көмек көрсеттім. Содан кейін бір дыбысты естіп, бетперде кидік. Хокума қоңырау шалды. Біз үнемі байланыста болдық, соңғы минутқа дейін сөйлестік. Қонуға екі минут қалғанда қоңыраулар тоқтады...", – деді стюардесса.
Айдан Рахимли салондағы оттегі баллонының жарылмағанын мәлімдеді.
“Салондағы оттегі балоны жарылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Егер олай болса, біз тірі қалмас едік. Көзімді ашып, қайда екенімді сұрасам, Ақтауда екенімді айтты", – дейді Рахимли.