Атырау, 2 қараша 15:08
 дождьВ Атырау +9.3
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Әскери жаттығулардағы олқылықтар: Премьер-министр жүйелі проблемаларды ашты

75 рет қаралды
Фото: Ukimet
Фото: Ukimet

Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғалар Қазақстанда әскери оқу-жаттығуларды жоспарлау мен өткізу кезінде жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Үкімет басшысының айтуынша, Қорғаныс министрлігінде жүргізілген кешенді тексеру оқу-жаттығуларды бақылауды ұйымдастыруда, тәуекелдерді бағалауда және жағдай өзгерген кезде жедел әрекет ету мәселелерінде елеулі олқылықтар бар екенін анықтаған.

«Анықталған проблемалардың қатарында қауіпті факторларға жеткілікті назар аудармау, қауіпсіздік талаптарының сақталуын тиісті деңгейде бақыламау және оқу-жаттығулардың аса қауіпті кезеңдерін тоқтату туралы шешімдерді уақтылы қабылдамау бар», – деп хабарлады Олжас Бектенов.

Осындай төтенше оқиғалардың алдын алу үшін Қазақстан Қарулы күштерінде әуеден бақылау жүргізетін ұшқышсыз жүйелер енгізіліп жатыр. Ал күштік құрылымдардың жекелеген бөлімшелерінде әскери қызметшілердің геолокациясын анықтауға және физиологиялық жағдайын бақылауға арналған жеке құрылғылар қолданыла бастады. Бұдан бөлек, дауылды ескертулер алу үшін «Қазгидромет» РМК-мен жедел өзара іс-қимыл жолға қойылған.

Премьер-министр президенттің тапсырмасы бойынша Әскери реформаның жоспары әзірленгенін де атап өтті. Құжатта әскери басқару жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілердің қауіпсіздігін сөзсіз басымдыққа қоя отырып, оқу-жаттығулар өткізу тәсілдерін толық стандарттау көзделген.

Бүгін, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.