Атырау, 29 желтоқсан 10:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Неліктен Атыраудағы мектеп асханаларында чек берілмейді?

854 просмотра
Көрнекі сурет

Қаладағы кейбір мектеп асханалары тұтынушыларының жастығын пайдаланып, фискалды түбіртектер бермейді.

«Әдетте, асханада шағын жеке кәсіпкерлер сауда жасайды. Бірақ біздің мектепте ешқашан түбіртек көрген емеспін, оны кім талап етіп жатыр дейсің? Балалар ма? Оның үстіне, бұл кәсіпкерлердің табысы онсыз да аз, мүмкін жеңілдіктер де бар шығар», – дейді мектептердің біріндегі мұғалім.

Бұл ретте, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (МКД) түсіндіргендей, барлығы Салық кодексінде жазылған. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшамен есеп-айырысу бақылау-касса машиналарын (БКМ) міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Демек, мектеп асханасында сатушы сатып алушыға қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз төлеммен сатып алғаны үшін чекті талап етсе де, етпесе де ККМ чегін беруге міндетті.

Сондай-ақ, МКД шағын кәсіпкерлік субъектісіне чекті бермегені үшін бірінші рет ескерту жасалатынын, ал бір жыл ішінде заңды қайталап бұзса, 15 АЕК (бұл 55 мың 380 теңге) көлемінде айыппұл салынатынын хабарлады. Биыл мектеп асханасында жұмыс істейтін бір кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 284-бабы («Бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн бұзу») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2024 жылдың 1 қаңтарында аяқталған мораторийге байланысты соңғы үш жылда мектептерде жоспарлы тексерулер жүргізілмеген.

Жалпы, қаладағы он бір мектептің (Атырауда олардың саны 60-тан астам) оқушылары мен мұғалімдері арасында жүргізілген бейресми сауалнама нәтижесіне сүйенсек, олардың ешқайсысына чек берілмейді екен. Айтпақшы, оқушылар үшін мектеп бизнесмендерінің БКМ чегін соғуы міндетті екені жаңалық болды.

Сауал жүргізілген оқушылардың бәрі таң қалып: «Бұл чектер маған не керек?», «Бөлке сатып алдым, жарайды сол», «Ең бастысы, коржиктер дәмді болсын» деген жауаптар берді. Алайда тұтынушылық мәдениет осы жаста, мектеп орындығынан бастап қалыптасуы керек.

Қалалық білім бөлімінің берген түсініктемесі білім ошақтарында орналасқан кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне жауап бермейміз дегенге саяды. Тіпті мұндай жағдайда олар жаппай салық төлеуден жалтарып, кірістерін жасырса да.

«Қаладағы білім беру мектептерінде буфеттің ас мәзірі мектеп директорымен келісіледі. Асханаларда сатылатын тауарлар санитариялық ережелер мен нормалардың тізіміне сәйкес келеді және апта сайын бракераждық комиссия тексереді.

Кәсіпкерлердің кірістерін жасыруына және салық төлеуден жалтаруына келсек, бұл мәселе білім бөлімінің құзыретіне кірмейтінін хабарлаймыз, өйткені бұл - жеке кәсіпкерлердің кірісі, олар үшін салық органының алдында толық жауапкершілікте болады», - делінген қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА қол қойған жауапта.

Лев ГУЗИКОВ

28 қазан, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.