Атырау, 18 желтоқсан 23:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Ресеймен әріптес Қытайдың экономикасы тоқырай бастады". "Елорданың түбiндегi “екi Корея”". "Ең арзан бас қайда?". "Әкім мен әңгүдік әріптес пе?..". "Ел қалаулылары елу мыңдық виски ішеді…".

2 075 просмотра

EGEMEN.KZ. «Меланж» мәселесіне нүкте қойылды» - Қорғаныс министрлігінде министрліктің техникалық мамандары ЕҚЫҰ-ның, Ресей Федерациясы мен Украинаның сарапшы мамандарының тікелей қолдау көрсетуімен «меланж» зымыран отынының пайдаланылмаған 410 тоннасын Ресейдің мамандандырылған кәсіпорындарына қайта өңдеуге жөнелту жұмыстарын аяқтағаны туралы хабарлады.

AZATTYQ.ORG. «Шаңырақ оқиғасының» ізі көмескіленіп барады» - Тұрғындар «Шаңырақ оқиғасынан» кейінгі жеті жылда ауылда біраз өзгерістер болғанын, өмірлерінің жақсарғанын айтса, кейбірі ол оқиғаны әлі ұмыта алмаған.

«Сектамен күрес орталығы» сотта гештальтпсихологтан жеңіліп қалды» - Қарағандылық сот гештальтпсихологтың талабын қанағаттандырды. «Виктория» және «Әлеуметтік зерттеулер орталығы» үкіметтік емес ұйымдары айыппұл төлеуі тиіс. Бірақ дау әлі біткен жоқ.

«Ресеймен әріптес Қытайдың экономикасы тоқырай бастады» - Ресей мен Қытайдың әсіресе әскери салада да әріптес болып жатқанын ескерген Батыс басылымдары "АҚШ-қа қарсы одақ" туралы айтты. Бірақ Қытай экономикасының тоқырағаны да назардан тыс қалмады.

SERKE.ORG. «Әбілязовтың жымқырған ақшасы. «Қайтқан малда қайыр бар» - 12 шілде күні күні Алматы қаласында Қазақстан оппозициясының бір қанаты – әбілевшіл және әбілязовшіл белсенділер бірігіп, «демократиялық күштердің форумын» өткізді. «Форум өткізді» деген аты ғана. Жиналғандардың саны 40 адамнан асқан жоқ. Алғашқыда алдын ала келісілген ғимарат қожайындары уәдесін тайқып кетіп, оппозицияшыл топ жиын өткізетін басқа жер іздеп, біраз сабылды.

«Ресейдегі Чернобыль апатын жоюға қатысқандардың бәріне үй беріледі» - Ресей Федерациясының үкіметі Чернобыль атом электр стансасындағы (ЧАЭС) апат салдарын жюға қатысқандарға кедергісіз баспана беру мүмкіндігін шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізбекші, деп хабарлады РБК.

ZHASALASH.KZ.Қарыз – қыл арқан!” - Қазақстанның сыртқы қарызы 139 миллиард 953 миллион долларға жеттi. Өткен аптада Қазақстанның Ұлттық банкi елдiң сыртқы қарызын жария еттi. Жария етiп қана қоймай, бас банктiң сарапшылары әлгi қарызды Қазақстанның әрбiр тұрғынына бөлiп бердi. Сонымен, сыртқы қарыз әрбiр қазақстандыққа шаққанда қанша доллардан келедi? Есептеуге сенсек, 4141 доллардан!

«Елорданың түбiндегi “екi Корея”» - Бас қаламыз Астананың айналасындағы ауылдардың көбi Ақмола облысының аумағына кiретiнiн былайғы жұрт бiле бермеуi мүмкiн. Осындай елдiмекендердiң бiрi – елордамыздан 15 шақырым жерде орналасқан Қараөткел ауылы. Кезiнде “Ильинка” совхозы аталып, облыстағы iргелi шаруашылықтардың бiрi болған бұл мекенге тәуелсiздiк алғасын Қараөткел деген атау берiлген.

«Байқоңыр бiздiң бағымыз ба, жоқ әлде сорымыз ба?» - Аңызға сенсек, Қорқыт баба дүниенiң төрт бұрышын аралап, содан кейiн өз топырағына, яки Байқоңырға қайтып оралып, «бұл мекен – жердiң кiндiгi» дептi. Бабамыз тас алып аспанға лақтырса, ол тастың керi түсуi басқа жерге қарағанда баяулау болған көрiнедi. Ғарыш ғылымының атасы Константин Циолковскийдiң аспан әлемiне ұшу идеясын жүзеге асырушы академик Сергей Королев те Байқоңырды “жер кiндiгi” деген.

AIKYN.KZ. «Ең арзан бас қайда?» - Сұрақты неге бұлай төтесінен қойып отырмыз? Мұның жауабын да бірден айта салу қажет. Ең арзан бас Қазақстанда... Біз қазір басты қадірлеуден қал­дық. Бас дегенде табақ тартқанда сыйлы қонаққа ең алдымен ұсынылатын қойдың басы емес, қазақтың басы. Қа­зақтың басы бас киімінен басталады.

«Дүрілдеп тұрған депутат кім?» -  «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі қазақ Парламентіндегі ең ықпалды және алдағы уақытта қызметі өсуі мүмкін депутаттардың тізімін жариялады. Айтпақшы, өткен жылы олар қызметі өсуі мүмкін тұлғалардың қатарында мәжілісмен Мұрат Әбеновті атаған болатын.

MASA.KZ. «Әкім мен әңгүдік әріптес пе?..» - Не жақсылығы бар дейсің: осы күнде не пәлекет шықса – әкім-қарарлардан немесе соларлың бала-келіні, күйеу-қызы, әріптес-көңілдесінен шығатын болды...

BAQ.KZ. «Қазақстандық алғашқы 3D фильм DVD-ге шықты» - «Қазақфильмнің» тапсырысымен түсірілген белгілі режиссер Егор Кончаловскидің «А-ға оралу» әскери драмасы DVD-ге шықты деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

QAZAQUNI.KZ. «Ел қалаулылары елу мыңдық виски ішеді…» - Депутаттар қандай арақ ішеді? «Қазақстан Республикасы Парламентінің шаруашылық басқармасының асханасы» мемлекеттік сатып алу порталына мынандай жарнама жариялады» деп хабарлайды DailyNews.kz сайты. Депутаттар тамақ ішетін асханаға кемі 21 жыл сақталған 30 бөтелке виски керек. Оның әрбір бөтелкесін 50 мың теңгеден сатып алады.

«Ақ жол» партиясы бір жылда заңдарға жеті жүзден астам өзгеріс енгізді» - «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясының депутаттық фракциясының Бесінші сайланған ҚР Парламентінің екінші сессиясы кезеңіндегі қызметі туралы қысқаша мәлімет.

16 шілде 2013, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.