Атырау, 18 желтоқсан 23:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Өз ағам шаптан түрткісі келеді". "Бақыт Сыздықова шоқынды ма? Оны шіркеуден қуып шыққаны сауап болған…". "Аюдай «досың» бар, айбалтаң жаныңда ма?". "Қазақстанда демалу тиімді болса, шетел асып неміз бар?".

2 358 просмотра

ALASHAINASY.KZ. «Қазақстанда демалу тиімді болса, шетел асып неміз бар?» - Біздің қазақ сол демалыс күндерін тиімді өткізе алып жүр ме? Себебі қазіргі күні Қазақстандағы әрбір екінші адам жыл сайынғы еңбек демалысын ала алмайды. Ал алғандарының өзі демалыс күндерін лайықты дәрежеде өткізе бермейтіні – шындық.

AIKYN.KZ. «Мұнай мен темір жолды жемқорлық жайлап барады» - Ағымдағы алты айдың өзінде еліміздегі ішкі істер органдары 1 мыңнан астам азаматты заңсыз қамауға алған. Сонымен бірге 343 адамға ешбір негізсіз іздеу жариялап жіберген.

MASA.KZ. «Талғат Мұсабаев, Жандарбек Бекшин жұмыстарынан мүлде аластатылсын!» - ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа, ҚР Премьер министрі С.Н. Ахметовқе мәлімдеме. Егемен еліміздің Ата заңында  «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» (1бөлім, 3бап, 1тармақ) делінген. Осыған байланысты, Біз, Қазақстан халқының мүшесі болып саналатын, төмендегі азаматтар, егеменді ел – Қазақстан Республикасы территориясының бір бөлігі болып табылатын  «Байқоңыр» ғарыш айлағы мен басқа да әскери полигондар тағдыры алаңдататынын мәлімдейміз.

AZATTYQ.ORG. «Шалабаеваның депортациясы реакция тудырды» - Италия үкіметі Мұхтар Әблязовтың жұбайы мен қызын депортациялау туралы шешімнің күшін жоятынын жариялады. Бұған Қазақстан жағы өзінше баға берді.

NAMYS.KZ. «Аюдай «досың» бар, айбалтаң жаныңда ма?» - Еуропа халқы үшін жер алдымен материалық құндылық, меншік. Қазақ үшін жер алдымен рухани құндылық – АТАМЕКЕН. Ата-бабаның сүйегі жатқан, атаның қаны, ананың тері тамған жер. Сондықтан жері қу мекиен қаңыраған дала болса да қазақ жерін тастап көшпейді. Жеріне жарылыс жасап жатсаң да, қырылып жатса да қозғалмайды.

JASQAZAQ.KZ. «Ғарыш айлағы жалға берілген қора емес» - Байқоңырдағы апат қазақ қоғамын қатты дүрліктіріп отыр. Дүрлікпей қайтсын, ресейлік мамандардың өзі мұны елімізге жасалған химиялық апатқа тең деп бағаласа. Ресми органдардың табиғаттың өзі гептил-удың ауаға тарауына кедергі жасап, залалсыздандырды деген сөзі ғана көңілге медеу болып тұр әзірге. Әрине, Байқоңыр туралы сөз еткенде ғарыш айлағын жалға алып отырған Ресейді айналып өте алмаймыз.

QAZAQUNI.KZ.«Бақыт Сыздықова шоқынды ма? Оны шіркеуден қуып шыққаны сауап болған…..» -  Қасиетті Рамазан айында ол неғып шіркеуде жүр?!. Total.kz хабарына сүйенген baq.kz  порталының жазуынша, Мәжілістің  экс-депутаты Бақыт Сыздықованы  Ресейдегі шіркеулердің біріне кіре бергенде, шіркеу қызметкерлері қуып шыққан.

INFORM.KZ. «Киелі құсымыз қаскөйлердің оңай олжасына айналуда» - «Көшпенділер мұрасы» халықаралық қоғамдық қорының қағаны (президенті) Сейдомар Батыржанның айтуынша, елімізде соңғы жылдары бүркіттің ұясынан балапан өрбітуі күрт азайып кетті.

TAIQAZAN.ORG. «Өз ағам шаптан түрткісі келеді» - Жатқан  жерің  жайлы  болғыр (атам  қазақ «дүниеден өткенінің жаманы жоқ» десе де,  иісі  қазақ  «алды-артынан  қос уыс  топырақ»  деп  қарғыс айтқан)  кешегі   қаба  сақал  Солженицин, бүгінгі  Ресейдегі  саясат алаңында  сайқымазақтың рөлін  ойнап  жүрген Жироновскийдің («Нет казахского языка. И письменности не было. Вообще ничего нет там») «қазақ жері орыстарға  тиселі, солтүстік  өңірді Ресейге  қосу керек»  деп айтқаны  жай  нәрсе екен.

«Қашаған мен Қарашығанақтағы Қытай сценарийі» - Қазақстан Қашаған кенішіндегі СonocoPhillips компаниясының  8,4% үлесін сатып алуда өзінің басым құқығын пайдаланды. Аса ірі мұнайгаз жобасындағы өз үлесін американдық компания «ҚазМұнайГазға»  $5 млрд-қа сатады. Мәміле 2013 жылдың IV-ші тоқсанында аяқталады.

«Данияр Әшімбаевтың өзбек пен қырғызда несі бар?» - Ұлы державалар арасындағы «Үлкен ойын» қыза түсті. Ресей, АҚШ және Қытай басты ойыншылар болса, Орта Азия елдері – теппекке жақсы ала доп. АҚШ-ты Ресей мен Қытай ықпалының осы аймақта артып келе жатқаны алаңдатса, Қытайдың Орта Азияның табиғи байлығы қызықтырады. Ресей бұл елдерді өз орбитасындағы (өз иелігіндегі) нысан ретінде көреді.

15 шілде 2013, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.