Атырау, 18 желтоқсан 23:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Мұхтар Зимановтың ісі". "Шеттен келген қазақ шәкірттері қамығып жүр. Неге?". "Белсенділер жиыны қарсаңында тергеу күшейді". "Қытай Каспий теңізіне қол салды". "Дәстүрлі «банк құпиясы» құпия болудан қалып барады".

2 133 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Қадірі қашқан қолжазбалар жүрекке жара салғандай» - Жылдар бойы жүйкемді, шашымды жұқартып, сарсылып іздеп жүрген қолжазбаның бірі «ой, бауырымдап» алдымнан шықса болар ма. Екі елі шыныдан жасалған берік тақтайдың астындағы қолжазбаға жоғалтқан баламды көп жылдан соң тапқандай көзім жасаурап үңіле қарап, көп аялдап тұрып қалғаным бар.

«Шеттен келген қазақ шәкірттері қамығып жүр. Неге?» - Алматы қалалық Көші-қон полициясы қызметкерінің сөзіне сенсек, бұдан бірнеше жыл бұрын ұлты қазақ студенттерді өздері оқитын оқу орнына визасыз тіркеуін рәсімдеген кезі де болған екен. Алайда қазақ екені ескеріліп, жеңіл жолмен тіркеуге тұрған 200-ге жуық студенттің көбі оқу бітіріп, дипломдарын қолға алысымен келген жақтарына тартып кеткен.

AZATTYQ.ORG. «Мұхтар Зимановтың ісі» - Алматы апелляциялық соты академик Салық Зимановтың ұлы Мұхтар Зимановтың және алаяқтық бойынша сотталған басқа да айыпталушылардың ісін қарай бастады. Атышулы процесс «Қорғас ісіне» байланысты.

«Орталық Азиядағы мақтангөйлік жобалары» - Әлемдегі көне әрі әдемі тарихи орындары бар жерлердің бірі Орталық Азия соңғы кездері осы заманғы амбицияға толы құрылыс, ескерткіштерімен де танымал бола бастады.

«Белсенділер жиыны қарсаңында тергеу күшейді» - Қазақстан демократиялық күштерінің жиынына бір күн қалғанда оппозициялық белсенділер қаржы полициясының іс-шараға қатысуға кедергі келтіре түскенін айтады. Қазақстан демократиялық күштерінің жиыны шілденің 12-13-і күндері Алматыда өтеді.

ZHASALASH.KZ. «Казактар автономиядан дәмелi» дейтiн әңгiмелер айтылып жүр»- Ол бiр сойқанның басы болмасын! Қазақстанда ашық күнде жай ойнатып, елдiң iшiн дүрлiктiрiп жүретiн казактар қауымдастығы деген бар. Бұларға әзiр қой дейтiн құдайдың құлы болмай тұр. Ел президентi Н.Назарбаевты өздерiне бас атаман етiп сайлап алып, егер қысылтаяң шақ туа қалса, бiздiң “қара жүздiгiмiз” президенттi қорғап қалуға дайын деп лепiрiп жүрген де осылар.

«Гептил төгiлдi – қара жерге у сiңдi...» - “Талғат Мұсабаевтың нанына қара уылдырықтың орнына гептил жағып беру керек!” Кеше редакциямызға Қызылорда облысының Қазалы ауданынан М.Қайролла деген оқырманымыз хабарласып, былай дедi: “Талғат Мұсабаев деген қай елдiң шенеунiгi өзi?! Қазақстанның ба, Ресейдiң бе? Сөзi мен бөзiне қарағанда, қазақтiкi емес, әйтеуiр. Әйтпесе, қазақ жерiнiң жон арқасын тiлгiлеп, тiлген жерiне у сеуiп жатқандардың сөзiн естi адам сөйлей ме?!

AIKYN.KZ. «Жетігенді аяққа таптау – түркі халқының намысына тиіп отыр» - Жақында «Айқын» газеті «Жетігеннің үстінде билеу жетесіздік емес пе?» (21 маусым, 2013ж.), «Жетігенді таптауға қалай жол береміз?» (3 шілде, 2013ж.) деген екі мақала жариялады. Журналист Қаншайым Байдәулеттің көтерген мәселесі тарихи-мәдени мұрамызға көпшіліктің ойрандалған көңіліне үлкен сәуле түсірді.

«АҚШ-қа наразылық өрши түсті» - Сноуденге көмек көрсеткендердің жағдайы қиын болады деп қаһарына мінген АҚШ-қа әлемнің бірнеше ел­дерінен наразылық пен түсінік беру ту­ралы талап білдірілуде. Онымен қоса, АҚШ-қа миллиондаған азаматтарды аңдуға көмектескен елдер де белгілі болды.  Естеріңізге сала кетейік, Сноуден АҚШ-тың PRISM деп аталатын құпия барлау бағдарламасы туралы шындықты әшкерелеген болатын. Сонан соң адам құ­қықтары мен жеке бас құпиясына қа­тысты халықаралық нормалардың бұзы­луы жөнінде халықаралық деңгейде шу шық­қан еді.

ABAI.KZ. «Дулат Аманжол. Ғарыштық индустрия: қазақ қашанғы ұтыла бермек?» - Білесіз. Осыдан сегіз күн бұрын. 08:38. Он жеті секундтан кейін жерге құлап, жарылып кетті. Байқоңырдан ұшырылған ресейлік «Протон-М» зымыран-тасығышы жеріне жетпей өртенді. Тікелей эфирде. Қозғалтқыштар тиісті режимге бағынбады ма, әлде басқару жүйесі мен қозғалтқыш қондырғысы істен шығып кетті ме, белгісіз нақты себебі. Анығы – жойқын апат орын алды. Қара түтін. У.

«Ұлан Мэлсбек. Қазақ латыншылдарына үндеу» - Мына үндеуге қарап, біздер әліп реформасында тағы да кешеуілдеп, үдеріске ілесе алмай отырғанымызға көзіміз жетті. Әлемдік Google ұйымы тегін істегелі отырған шаруа біздің қазақ тіл білім ғылымына амалсыз тәуелді болып отыр, себебі, ғылыми шешілмеген мәселе бар. Ал біздің ғалымдарымызбен осы саланы ұйымдастырушылар жайдақ отырыстарда орындық тоздырумен ғана жүргеніне ішің ашиды...

SERKE.ORG. «Қытай Каспий теңізіне қол салды» - Қазақстан Қашаған кенішіндегі СonocoPhillips компаниясының  8,4% үлесін сатып алуда өзінің басым құқығын пайдаланды. Аса ірі мұнайгаз жобасындағы өз үлесін американдық компания «ҚазМұнайГазға»  $5 млрд-қа сатады. Мәміле 2013 жылдың IV-ші тоқсанында аяқталады. Бір қарағанда, қытайлық CNPC өзінің бұрыннан көздеп жүрген Қашағаннан үлес сатып алу ниетін іске асыра алмағандай...

ALASHAINASY.KZ. «Қазақстан туризмі нудистерге қарап қалды ма?!» - Бурабайдағы туризмді дамыту – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Өйткені бұл жоба ел бюджетіне қомақты қаржы салуға қауқары бар көрікті аймақтар қатарында. Алайда күмістей көлді – Бурабай баурайының бүгінгі жағдайы адам шошырлық. Бірақ біздің қалам тартуымызға түрткі болған мәселе демалыс аймағы емес, тіптен басқа да болып тұр. Нақтырақ айтқанда, айтуға ауыз бармайтын анайы жарнама жайы...

«Дәстүрлі «банк құпиясы» құпия болудан қалып барады» -  Биылғы жылдың басын­да Швейцария АҚШ-пен FATCA келісіміне қол қой­ды. Оған сәйкес, швейцар банктері АҚШ-тың салық органдарына америкалық салымшылар жайындағы мәліметті беруі тиіс. Еуроодақ та осындай дерек алмасу жүйесін енгізуге құмартып отыр. Тіпті банк құпиясын сақтау мәселесін­де Швейцарияны жақтай­тын Люксембург 2015 жылдан бастап осы жүйеге қосылуға ниет білдірді. Қаржы құпия­сын қалдыру­ға барынша тіресіп баққан Австрияның өзі икемге көнетін сияқты. Сонда 80 жылға жуық тарихы бар «банк құпиясын» құрту не үшін керек?

«Мылқау спортшылардың мұңын кім тыңдайды?» - Сурдлимпиада. Төрт жылда бір рет өтетін мылқаулар арасындағы дүниежүзілік спорттық бәсеке биыл 22-нші рет ұйым­дас­тырылмақ. Шілденің 26-сы мен тамыздың 2-сі аралығында Болгария аста­насы Софияда өтеді. Атал­мыш сынға Қазақстан спорт­шылары да жан-жақты дайын­далуда. Алайда билік тарапынан қолдау көрмей отыр­ған жерлестеріміздің бар мұң-шері ішінде. Софиядан жүл­демен оралған жағдайда қолдау көрсетіп, сыйақы бері­ле­тіндігіне күмәнмен қарай­ды. Оған себеп те жоқ емес.

BAQ.KZ. «АҚШ-пен Стратегиялық әріптестік комиссиясының бірлескен мәлімдемесі» - 2013 ж. 8-10 шілдеде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ-та ресми сапармен болып, Қорғаныс министрі Ч.Хейгелмен, Энергетика министра Э.Монизбен, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші С.Райспен, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары және Президент көмекшісі Э.Блинкенмен, АҚШ Сауда жөніндегі өкілі М.Фроманмен және Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары У.Бернспен кездесулер өткізді. 

QAZAQUNI.KZ. «Әлжуаз заң мен құзыретсіз басқарма қазақ тіліне тірек бола ала ма?» - Ана тіліміздің биік мін­берлер мен үлкен жиындарда есіктен сығалап, «өгей бала­ның» күйін кешіп жүргені аздай, көшелердегі меке­ме­лердің маңдайшалары, көше атаулары мен жарнамаларда да ана тіліміздің «сақау тілге» айналып жүргені жасырын емес...

12 шілде 2013, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.