Атырау, 22 қараша 13:11
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

​Атырау емханасының есепшісі 8 жылға бас бостандығынан айырылды

778 просмотра

Атырау қаласының №2 сотында аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденгені, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін айыпталғанға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабының 1-бөлігі).

Сотта Атырау қалалық емханасының бас бухгалтері қызмет бабын пайдаланып, қасақана пайда көру ниетімен 2012-2023 жылдар аралығында өзіне сеніп тапсырылған 573 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп, банктердегі өз есеп-шотына аударғаны анықталды.

Қылмыстық жолмен алынған осы қаражатты аудару түрінде мәміле жасасу арқылы заңдастырған. Емханаға аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Істі қарау барысында сотталушы 3 млн теңгені өтеген.

Прокурор сотталушыны 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, шынайы түрде өкініп, жеңіл жаза түрін тағайындауды сұрады.

Сотталушының айыбын ішінара мойындап, шынайы түрде өкінгені, асырауында жас балалары барын, келтірілген зиянды ішінара өтегені  – жеңілдететін мән-жай ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сотталушы тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленіп, қаражат және материалдық жауаптылыққа байланысты қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айыра отырып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 Апелляция бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісті.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

15 қазан, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.