Атырау, 12 қазан 13:34
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"AI: Қазақстанда тұтқындарды әлі де азаптайды". "Телібековтың көздегені не?". "Ресейде педофилді әшкерелеуші еріктілер шықты". "Дүниені дүрліктірген адам". "Сібірді жаулап алған Ермактың тегі казак емес пе?".

1 885 просмотра

ALMATY.TV. «Қазақ тілді интернет бұқаралық ақпарат құралдары біржақты дамып келеді» - Қазақ тілді интернет бұқаралық ақпарат құралдары біржақты дамып келеді. Қоғамға әсер ету жағынан орыс тілді интернет басылымдармен салыстырғанда пәрменділігі әлдеқайда төмен. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген «Стратегия» қоғамдық және саяси зерттеулер орталығының мамандары мәлімдеді.

QAZAQUNI.KZ.«Сібірді жаулап алған Ермактың тегі казак емес пе?» - Жуырда ғана Ресейдің «Наука и религия» журналында М.Валиев деген оқымыстының Ермактың тегіне қатысты жазылған көлемді мақаласы жарияланды. Онда зерттеуші Ермакты казак емес, керейіттер деп аталатын ғұн тайпасының кнәзі болған деген тұжырым жасап, оған бірнеше бұлтартпас дәлел келтіріпті. Ныспысы Ермар Темучин (тұпнұсқа бойынша) екен. Тіпті жәй ғана кнәз емес, өз тайпасының көсемі әрі епископы да болғанкөрінеді.

«Хрущевке қарсы шыққан Мұрат Майлыбаевтың ерлігі елеусіз қала бере ме?» - Өткен ғасырдың 30-40 жылдарында кеңестік ғылымға жан-тәнімен қызмет етіп, аттары әлемге жайылған аса көрнекті екі ғалым болды. Олар ағайынды Вавиловтар еді. Бірі – сталиндік репрессияның құрбаны, бірі – КСРО Ғылым академиясының президенті. Халық жауы (атанған) Вавиловтың «кінәсі» генетика саласында ашқан жаңалықтарын қызғыштай қорғап, ымыраға келмегені. Сондықтан да жаулары үстінен қайта-қайта арыз жазып, ақыры түбіне жетіп тынды.

«Шәкәрім қажының қолжазбасы табылды!» - Қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының тарихи қолжазбасы табылғаны туралы кезінде «Жас қазақ үні» газетінің 2008 жылғы № 19, 20, 22, 23-і сандарында жарияланған болатын. Онда Қытайдағы белгілі жазушы Көбен Асқарұлының  «Қытай қазақтарына екі алыптың ерекше әсері» атты көлемді мақаласында бұл туралы егжей-тегжейлі баяндалады.

ASTANATV.KZ. «Қорғас ісі»: Куәгерлердің жауабы қорғаушылардың күмәнін туғызды» -  «Қорғас ісі» бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгінгі сотта куәгерлердің жауабы қорғаушылар тарапынан бірқатар күмән туғызды. Себебі, осы уақытқа дейін жауап алынған 110 куәгердің сөзі бір жерден шыққан.

BTLEUHAN.KZ. «Алаш арыстарының ұлттық идеяға адалдығы мен қайсарлығы хақында» - 1928 жылы 26 қараша күнi жаппай тәркiлеу науқанымен орайластырыла БКП(б) Қазақ өлкелiк комитетiнiң “Қазақстанның орта оқу орындары мен жоғары оқу орындарындағы шәкiрттердiң әлеуметтiк құрамын тексеру” туралы қаулы қабылдады. Сол арқылы “әлеуметтiк тұрғыдан алғанда тегi жат” шәкiрттерден кеңестiк оқу орындарын тазарту көзделдi. Кесiрлi қаулының салдарынан қаншама талапты шәкiрт бiлiмнен қағылып, мамандықсыз қалды.

AIKYN.KZ. «Қараусыз қалғандар...» - Қарттардан қайрат кеткен­де қаңғытып жіберу тек Қы­тайда белең алып жатқан құбылыс емес. Елімізде де қарттар үйіне күн санап тір­келіп жатқан­дардың саны артуда.

«Дүниені дүрліктірген адам» - Америка қауіпсіздік және барлау ме­ке­мелерінің заңсыз әрекеттерін әшкерелеген Эдвард Сноуден жайлы дау халықаралық байланыстарды шиеленістірді.

«Шымкенттегі ағылшын...» қазақ әнін әлемдік хитқа айналдырмақ» - Итальяндық әнші Сон Паскаль «Айналайын» атты әнге жаңа бейнебаян түсірді. Өнер иесінің өзі ұнатқан арудың артынан іздеп, елімізге келгеніне – екі жыл. Осы уақыт ішінде тіл үйренумен қатар, «К­ө­зімнің қарасы», «Жаным сол», «Шымкенттегі ағылшын» сияқ­ты әндерді орындап қана қоймай, үлкен танымалдылыққа ие бол­ды.

SERKE.ORG. «Ұлтпаттардың ұқпайтыны не нәрсе?» - Елімізде 130-дан аса ұлт пен ұлыс бар. Ептілігімен, еңбекқорлығымен, ілкімділігімен экономика тетіктерінің бірін ұстаушы өзге ұлт өкілдері көп болса да, соның екеуі ғана шынайы саяси күшке ие. Әрине, олар – қарасы көп қазақ пен орыс. Осы фактор елімізде түркі және славян секілді екі әлемнің қатар өмір сүруіне әкеп тіреді.  Этникалық мүдде бойынша саяси партия құруға тыйым салынуы бірден-бір дұрыс шешім болғанын өмірдің өзі көрсетіп беріп отыр.

«Прокурор бұрынғы кеден басшысы Баймағанбетовты 12 жылға соттауды сұрады» - Прокурор Еркеғали Зәкіров өзінің аппеляциялық өтінішінде Астана сотынан кедендік бақылау комитетінің (КБК) бұрынғы басшысы Серік Баймағанбетовты бас бостандығынан айыру мерзімін 12 жылға дейін ұзартуды сұрап отыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Атырау мұсылмандары дін білетін, адамгершілігі бар имам сұрап жатыр» - Рамазан айы бастала сала Атырау облысының мұсылман жамағаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан Маемеровке арыз жазып, облыстың қазіргі имамы Амантай Садиевтің орынына басқа бір білікті имам жіберуін сұрапты. Арызда Амантай Садиевтің Атырау өңіріне қалай келгені, оған кім көмектескені, оның кейінгі жасап жатқан ісі жөнінде айтылған. Төменде Бас мүфтиге жазылған арызды жариялап отырмыз.

MASA.KZ .«Ертөстікпен Еуропаға қарай» - Білім басы – тәрбие, тәрбие басы – отбасыдан десек, отбасылық тәрбие ұлттық құндылықтарға келіп тіреледі. Демек, түгел білімнің басы – ұлттық тәрбие, ұлттық салт, ұлттық ғұрыптарда жатыр. Бүгінгі таңда әлемдік саясаттың мінберіне көтерілген – жаһандану процесіне де қосатын қомақты үлес - әрбір ұлттың дәстүрлі білімі. Бұл үрдіске жеке біз ғана емес, түгел әлемдегі халықтар осылайша ұмтылып отыр.

«Телібековтың көздегені не?» - Бүгінде «атақты», «жұлдыз» атану оп-оңай. Жақсына жаман, жаманды жақсы, қысқасы қалыптасқан түсініктерге қарсы шықсаң болғаны. Оның дәлелінің бірі - бізге мәлім де беймәлім Мұрат Телібеков. Жаңалықтардан түспейтін бұл «тұлға» әрдайым өзінің біртүрлі ұсыныстарымен қоғамды елең еткізіп отырады. Біздің журналисттерге де керегі сол. Әсіресе, орыс тілді. Себебі, қазаққа қарсы сөздерді ойланбастан айтып отырады. Жеке өзім оны танымаймын. Бірақ, сөзіне қарап танығым да келмейді. Сөздеріне қарасам, нағыз қазақтың жауы деп ойлаймын. Соңғы бір-екі пікірін оқыған соң бұған көзім әбден жетіп отыр.

AZATTYQ.ORG. «AI: Қазақстанда тұтқындарды әлі де азаптайды» - Amnesty International ұйымының зерттеулер жөніндегі бас директоры Никола Дакворф (оң жақта) және ұйымның Еуропа және Орталық Азия бағдарламасының директоры орынбасары Дэвид Диаз (сол жақта). Алматы, 11 шілде 2013 жыл. Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Алматыда Қазақстандағы тұтқындарды азаптауға қатысты есебін жариялап, арнайы баспасөз жиынын өткізді.

«Ресейде педофилді әшкерелеуші еріктілер шықты» - Ресейде интернет арқылы жас балаларды азғыратын педофилдерді сол интернеттің көмегімен әшкерелеп, қолға түсіретін жастардың белсенді топтары жұмыс істей бастады.

«"Халал Гуглинг" - мұсылманша Интернет қарау» - Halalagoogling атты вебсайттың авторлары интернеттен ақпарат іздегенде мұсылмандар үшін харам саналатын барлық мәліметтің сүзгіден өтпей қалатынын айтады.

11 шілде 2013, 13:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.