Атырау, 28 наурыз 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Табельге көз салсақ

1 049 просмотра

Н. Назарбаевтың қатысуымен Қашаған жобасындағы өндірістік қуаттылықтарды іске қосу салтанаты өтті. Алайда алғашқы мұнай әзірге өндірілмейтін секілді. Құрылыс нысандарындағы кадрлардың қысқару қарқындылығына қарап, жобаның дайындығына болжаммен баға беруге болады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына «Аджип ҚКО» компаниясы ұсынған мәліметтер бойынша, жыл басынан бері «Болашақ» зауытынан 1 398 жұмысшы босатылған (оның 912-сі – Атырау облысының тұрғындары). Дегенмен де, бүгінде осы нысанда жұмыс жасайтын жұмысшылар саны 3 729 адамды құрайды. Осы цифрға қарағанда пайдалануға беру жұмыстары ол жақта әлі де жетіп артылады.

Теңіз кешенінде бұдан бұрын қысқартулардың үдемелі кезі 2013 жылдың екінші тоқсанында болады деп хабарланған болатын. Ал енді олар екінші жартыжылдыққа шегеріліпті. Теңіз нысандарында барлығы 5 400 қазақстандық жұмысшылар жұмыс істейді.

Жобадан босатылғандарды жұмысқа орналастыруға келер болсақ: Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, облыстық әкімдікпен жасалған меморандумға сәйкес, АМӨЗ-ді кеңейтуге 500-ден астам адам және Батыс Ескене теміржол тармағының құрылысына 656 адам жұмысқа орналастырылған. Газ-химия кешені құрылысының аясында басқармаға «КРІ» ЖШС-нен 500 адамға  сұраным түскен.

Алайда, бүгінде инженерлік позицияларға ғана кадр іріктеуді ЖШС өздігімен жүзеге асыруда, - дейді Аманғалиева.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.