Атырау, 9 қараша 18:36
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

"Пирамидалар елі төртке бөліне ме?". "Путин Еуразиялық Одақты тезірек құрып алуға асығуда". "Шекарашы Челахтың шешесіне ресейліктер ғана көмектесті". "А»-дан бастап, «Я»-ға дейін... Бізді кімдер басқарып отыр?".

2 091 просмотра

MASA.KZ. «Әміржан Қосанов: Путин Еуразиялық Одақты тезірек құрып алуға асығуда!» - «Астана мерейтойына не президенттің туған күніне келді» дейін десең, басқа ел басшылары неге келмеді деген заңды сауал туады.

«А»-дан бастап, «Я»-ға дейін... Бізді кімдер басқарып отыр?» - Біздің биліктің халқымен балаша «ойнайтынына» қайран қаламын... Жақында шенеуніктердің «А корпусы» деп аталатын аламан-бәйгесі аяқталды. Шенеуніктер әділ алысып-жарысқандай кейіп танытты, біз біржола сенгендей селт етпедік...

AZATTYQ.ORG. «AI Жаңаөзендегі кісі өлімін тексеруге шақырды» - Amnesty International ұйымының өкілдері шілденің 10-ы күні Астанада билік өкілдерімен кездесіп жатыр. Олар Жаңаөзен тұтқындарының құқығын қорғауды және оқиғаны халықаралық деңгейде тексеруді сұрайды.

«Украинада полицияға қарсы қозғалыс күшейіп тұр» - Украинаның Врадиевка қаласында полицейлер әйел зорлап, оған ашуланған халық полиция ғимаратын қиратты. Бұл оқиғадан кейін полицейлердің басқа да қылмыстары тексеріліп жатыр.

«Сирия көтерілісшілері химиялық қару қолданған» - Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Виталий Чуркин осы ұйымға сириялық көтерілісшілердің улы зарин газын қолданғаны туралы "айғақтарды" тапсырды. Дипломаттың айтуына қарағанда, "ресейлік сарапшылар Алеппо маңындағы Хан әл-Асал ауданына кіріп, көтерілісшілердің зарин газын қолданғанын дәлелдейтін айғақтар жинаған".

ZHASALASH.KZ. «Қазақстан – кең-байтақ, уланбаған жер жоқ, алды-артымызда – тажал!» - Елiмiздегi шетелдiк әскери полигондарды дереу жабу қажеттiгi жөнiндегi қазақ қоғамының мәлiмдемесi.

«Қазақ тiлi қарияларға ғана керек пе?» - Солтүстiк өңiрдiң қай пұш­па­ғына барсаң да, қазақ тiлiнiң қамы үшiн қайрат қылып жүргендердiң көбi жастары 70-пен 80-нiң арасындағы қариялар екенiн байқайсыз. Басқаларға тiл керегi жоқ секiлдi. Бурабай ауданының орталығы Щучье қаласында Кенжеболат Әушахманов атты ақсақал тұрады деген соң, әдейi iздеп бардық.

SERKE.ORG. «Шекарашы Челахтың шешесіне ресейліктер ғана көмектесті» - Өмір бойы түрмеге кесілген шекарашы Владислав Челахтың шешесі Светлана Ващенко интернеттегі әлеуметтік желіге шығып, жұрттан баласының адвокаты Серік Сәрсеновтың қызметін өтейтін ақша жинап беруді өтінген. Бірақ, С.Ващенкоға қазақстандықтар көмек бермепті, оған Ресейден екі адам ғана ақша аударған.

AIKYN.KZ. «Елді елеңдеткен Египет» - Египеттегі жағдай соңғы бір аптада күрт өзгерді. Өткен сәрсенбі күні Қор­ғаныс министрі Әбдел Фаттах әс-Сиси президенттiң биліктен кеткенін мәлімдеді.

«Бенқалада таза мыс шығарылады» - Ақтөбе облысының шалғайындағы Әйтеке би ауданында кенді қайта өңдеп, катод мысын шығаратын кешен жұмыс жасайды. Бұл – таза мыс. Озық жобаға 7 миллиард теңге салынды. Құрылысқа жергілікті 400 адам тартылып, қосымша тағы 200 еңбеккер жұмысқа қабылданды. Кешеннің бірінші кезеңі іске қосылып, Бенқала кенішінен алғашқы өнім алынды.

ALASHAINASY.KZ. «Бізде есі ауысқандар мен нашақорлар да көлік жүргізе береді» - «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды». Ел арасында жүргізуші куәлігін таныс-тамыр арқылы сатып алатындардың көбейіп кеткендігі турасында жиі ай­тылып кетті. Мұндай ақпарат құзырлы сала құлағына әйтеуір жетті-ау... Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі 2000-ға жуық куәліктің заңсыз берілгендігін анықтапты. Ең қорқыныштысы, сол 2000-ға (!) жуық адам есі ауысқандар мен нашақорлар болып шыққан!

«Пирамидалар елі төртке бөліне ме?» - Мысырдан тағы маза қашты. Осыдан екі жыл бұрын болған билік жүйесін өзгерту үшін басқарушыны тақтан тайдыру сценарийі тағы қай­та­ланды. Пирамидалар еліндегі сияқты саяси дағда­рыс кез келген қоғамда белгілі бір себептерге байланысты орнайды. Ендеше, Мысырдағы әрекеттердің ішкі және сыртқы себептері қандай?

BNEWS.KZ. «Ресей Байқоңырдағы апат орнында топырақты өңдеуге кірісті» - Ресей Байқоңырдағы апат орнында топырақты өңдеуге кірісті. Бұл жөнінде бүгін «Байқоңыр» кешені бойынша Ресей-Қазақстан үкіметаралық комиссиясының жанынан құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

JASQAZAQ.KZ. "Қызым үйде, қылығы түзде" - Маусымның басында болған жантүршігерлік жағдайды қарағандылықтар әлі ұмытқан жоқ. 9 жастағы Аня Ткаченконы өзімен бірге аулада қуыршақ ойнап жүрген қыздардың бірі ұрып-соғып, тұншықтырып өлтіргенін естігенде кеншілер астанасының тұрғындары жағаларын ұстады.  Оның өліміне кінәлі деп танылған 11 жастағы үш қыз қылмыстық іске тартылды. Қандықол құрдастары мен олардың ата-аналары, көз жұмған Аняның туғандары, кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық ісімен айналысатын әділет мекемесінде кездесті.

«Ажырасқанның алды – заң, арты - лаң» - Газетіміздің өткен санында «Неше түрлі неке» деп аталатын мақала жарық көрген еді. Іле-шала оқырмандардан телефон қоңыраулары түсіп, баянсыз некенің себеп-салдарын зерттеп жазуымызды сұрап жатты. Біз сол сұрақтардың жауабын іздеп, құзырлы орындар мен халық арасына сұрау салдық.

QAMSHY.KZ. "Байыт Қабан: «Кімсің деме жалғанның жалқысымын…» - Байыт ақынның шаранасы да кеппеген қолжазбасын оқып, аты да қойылмаған рухани баласын әлдилеп отырмын. Қазақтың бір данасы ұшақтың аты, заты жоқ заманда: «Ұшпақ болсаң зымыра!!!» – деген ғажайып сөз айтып кетіпті. Байыттың өлеңінің өрлігіне қарасам Байыт ақын «зымырамай-ақ» кәзіргі жаугер ұшақтар секілді тіке биікке  бірден ұшып кеткен…

10 шілде 2013, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.