AZATTYQ.ORG. «Арқадағ» немересін насихаттай бастады» - Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің отбасы туралы ақпарат аз. Бірақ қазір бұл елдің баспасөзі президент немересі Керімгулы Бердімұхамедовті көп көрсете бастаған.
«Көлік сатушылар «Еуро-4» шартымен келіспейді» - Шілде айынан бастап Қазақстанда экологиялық «Еуро-4» стандарты туралы үкімет қаулысы күшіне енді. Көлік сатушылар бұл стандарт бойынша әр елде жасалған көлікті әртүрлі бағалау шартымен келіспейді.
«Хиджап киіп жүзсе де, рекорды тіркелмеді» - Каспий теңізінің жағалауын жүзіп өтіп, рекорд жасаған ирандық әйел осы жетістігін тіркеуден бас тартқан ел үкіметіне әлеуметтік желілер арқылы наразылығын білдірді.
SERKE.ORG. «Қазақмыста» не болып жатыр?» - «Қазақмыс» корпорациясының Жезқазғандағы мыс балқыту зауыты төңірегінде алып-қашпа әңгіме көбейуде. Зауытты қайта құрылымдау үшін оны уақытша тоқтатуы туралы қабылдаған шешімді саяси мүддені көздеген әлдебір топтар сан-саққа жүгіртіп, қалада әлеуметтік кикілжің туғызуға тырысып жатыр. Осындай қауіптің бар екеннін Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Жезқазғанға барған сапарында айтып қалды. Зауыт түбегейлі жабыла ма?
TAIQAZAN.ORG. «Әлемді жаңаша бөліске салатын шекара сызығы қалай өтеді?» - Әлем ұдайы өзгерісте. ХХ ғасырда әлемнің саяси картасы адам танымастай өзгерді. Әлі де өзгеріп жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропаның саяси картасы қайта сызылды. Африка құрлығында жаңа мемлекеттер пайда болды.
MASA.KZ. «Ілік пен «бүлік»: «Протон» құлады. Наразылық көбейді. Заң күшейді» - Астана уақыты бойынша, сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңынан «Протон-М» зымыран-тасығышы құлады. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымнан кейін 10 секунттан соң жерге құлап, жарылды» деп мойындады. Дәл сол күні бір топ белсенді қазақ азаматы Байқоңырдағы апатқа байланысты Ресейдің Алматыдағы бас консулдығына наразылық хатын тапсырды.
ZHASALASH.KZ. «Мұсабаев қызметiнен кетсiн!» - Өткен аптада бiр топ саясаткер, қоғам қайраткерлерi мен зиялы қауым өкiлдерi Байқоңырдағы “Протон” апатына және әскери полигондарға байланысты баспасөз мәслихатын өткiздi. Олар қазақ жерiндегi барлық шетелдiк әскери полигондарды жабу жөнiнде мәлiмдеме жасап, президентке үш талап қойды.
“Назарбаев.Live” - Назарбаев билiктен кетсе не болады? ештеңе де болмайды!
«Шамдану. Президент британдық тiлшiге не үшiн ашуланды?» - Өткен апта Ақордаға ауыр тидi. Алдымен салып-ұрып Дэвид Кэмерон келдi. Оған бiр шабылды. “Арнайы шақыртып келтiре алмайтын аса сыйлы қонақты жетелеп әкелген – Тони Блэр” дейдi бiлгiштер. Кiм бiлсiн, солай да шығар. Бiрнеше күн құда күткендей шабылған Ақорда ендi бел жазам ба деп едi, Байқоңырдағы қазақтардың басына гептил “төгiлiп” кеттi...
ABAI.KZ. «Айдос Сарым. Тағы да Протон хақында» - Кеше бір мамандармен кездесіп, осының төңірегінде әңгіме қозғап едік. Мамандардың айтуы бойынша, Ресей ерте ме, кеш пе Байқоңырдан кететінін жақсы біледі, түсінеді. Оны 2050-ге дейін жалға алуында мынадай гәп бар екен. Басты мақсат - осы межеге дейін сақтаулы тұрған "Протондарды" ұшырып, тауысып біту, сол арқылы қаражат өндіру.
SERKE.ORG. «Қырғыздар Қазақстанға берілген жерлерін кері қайтаруды талап етуде» - «2001 жылы Қазақстанға 2,6 мың га жерді сатылды. Біз оларды кері қайтаруды талап етеміз. Ол жерлер барлық кезде де қырғыздардың жері болған, ал шенеуніктер оны сатып жіберді», - деді сейсенбі күні ҚР пемьер-министрі Жанторо Сатыбалдиевпен болған тікелей желі барысында Көк-Сай аулының тұрғын әйелі.