Атырау, 26 қараша 00:23
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Матинде мұнай ұңғымасынан бұрқақ атқылады (толықтырылды, +ФОТО)

6 861 просмотра

6 шілдеде таңғы сағат 7-де Атырау облысының Қызылқоға ауданында орналасқан Матин мұнай кенішінде бұрғылау ұңғымасынан газ-cу бұрқағы атқылады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқиға №312 ұңғымада орын алған. Ол жерде ZJ-20 қондырғысында «НИА Дриллинг» ЖШС бұрғылаумен айналысады. Бұрқақ шамамен 35-40 атмосфера қысымымен атқылаған. Бұған ауыр бұрғылау құбырларының екі білігі арасындағы калибратордың босап кетуі себеп болған деп хабарлануда. Оқиға орнында апатты жою штабы құрылды.

Ұңғымадан атқылаған қоспаны талдау нәтижесінде, оның 90%-ы ілеспе газдан (соның ішінде 10%-ы метан) және 10%-ы судан тұратындығы анықталды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Апатты жоюға «Ақ Берен» бұрқаққа қарсы күрес қызметі, «Матен Петролиум» компаниясы, «НИА Дриллинг» ЖШС және облыстық ТЖД қызметкерлері – барлығы 30 адам мен 8 техника бірлігі жұмылдырылды.

Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Самал АБДИРОВАНЫҢхабарлауынша, бұрқақ 7 шілдеде сағат 17.30-да  ауыздықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті облыстық ТЖД ұсынды

8 шілде 2013, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.