Атырау, 4 қазан 06:52
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

"Сириядағы сұмдық". "Құпия құжаттағы қазақстандықтар". "Франция мен Италия: Сноуденге саяси баспана бермейміз". "Алматыда жарылған бензовоз: 1968 жыл хроникасы". "Байқоңырдан шұғыл хабар".

2 535 просмотра

MASA.KZ. «Сириядағы сұмдық» - Жылдам ақпарат тарататын әлемдік баспасөз бұлақтары Солтүстік Сирияда сұмдық бір қанды оқиғаның болғандығын хабарлауда. Al-Nusra Front яғни, «Ұлы Сирия халқын қорғау майданының» содырлары Солтүстік Сириядағы катлоиктер монастрын қиратып, өртеп, христиан дініндегі екі адамның басын кесіп кетіпті. Сирия халқын «қорғау» мақсатында жүрген қорқаулардың басшысы   Әбу Банат есімді дағыстандық лезгин көрінеді...

«Қажымұқан Ғабдолла. Мүддесіз мәміле керек пе?» - ...Кенеттен Сыртқы Істер құрылымы сапырылысқа түсті. Себеп: сыпсың-сыбыр ғана... Ақпарат кеңістігіне ақыл-кеңес беруші бір іргелі ұйымның құпия-тұжырымдары тарап кетті. Тұжырымдардың тоқетері – Қазақ елінің алдымыздағы 5-10 жылдық сыртқы саясатының даму бағыттарын таяуда жаңадан тағайындалатын Сыртқы Істер министрі айқындайды-мыс.

«Байқоңырдан шұғыл хабар» - «Құрметті Байқоңыр қаласының, Ақай және Төретам поселкелерінің тұрғындары! «Протон-М» ракета тасушы ракетаның құлап, оның жарылуына байланысты қалада жарияланған төтенше жағдай өз күшін жояды. Кәсіпорындар, ұйымдар және қаланың барлық тұрғындары күнделікті жұмыстарымен айналыса берулеріне рұқсат етіледі».

TURKYSTAN.KZ. «Құпия құжаттағы қазақстандықтар» - Жария етілгендердің ішінде 64 қазақстандық азамат бар, ол аз десеңіз бұл тізімде мемлекеттік қызметкерлер де баршылық. Халықаралық қор қолдарына түскен мәліметтің тек жартысын ғана жариялап отыр, өйткені олардың алдында 2,5 миллион құжат жатқан көрінеді. Оны бүгінде 58 елден 112 журналист тергеп-тексеруде...

«Қырғыз тілінің мұзы еритін күн келді» - Жарлық баспасөзге жарияланған 2 шілдеден бастап күшіне кірді. Демек, сәтін салса жиырма жылдан бері айдыны сіресіп қалған қырғыз тілінің мұзы еритін күн келді. «Бүгінгі күні тіл саясатында мемлекеттік тілді дамыту мәселесі өте өткір тұр. Өлкенің барлық білім беру мекемелерінде оқытылып жатқандығына қарамастан, қырғыз тілін оны ана тілім деп санамағандардың оннан бір бөлігі ғана біледі»,– деп жазылған жарлықтың кіріспе тұжырымдамасында.

«Өзбек мигранттары: «Жалқау» ма, әлде жанкешті ме?» - Бұл көрініс әсіресе, Оңтүстік Қазақстаннан басқа өңірлерге қатынайтын автобустарда жиі кездеседі. Ойда-жоқта отыра қалсаң, көздері жәутең қаққан өзбек ағайындардың ішкі жан дүниесіне үңілгендей боласың. Қорғансыздың күні.

AZATTYQ.ORG. «Франция мен Италия: Сноуденге саяси баспана бермейміз» - Италия мен Франция үкіметінің өкілдері АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденге саяси баспана бермейтіндерін хабарлады. Сноуден осыған дейін бұл елдерден саяси баспана сұраған еді.

«Әзербайжан оппозициясы ортақ кандидат шығарды» - Әзербайжанда президент сайлауы таяған сайын саяси ахуал ширығып келеді. Оған себеп - оппозицияның әлемге танымал режиссерді Ильхам Әлиевке қарсы ұсынуы.

«Алматыда жарылған бензовоз: 1968 жыл хроникасы» - Маусымның 27-сі күні Алматыда болған өрт 45 жыл бұрынғы оқиғаны еске түсіреді. Сол жолы да жанар-жағар май таситын көліктің тежегіші істен шыққан. Жарылыстан екі солдат опат болған.

AIKYN.KZ. «Алаяқтық абырой әпермейді» - 1980 жылы Бостон марафонында кубалық Рози Руиз сынды желаяқ мәре сы­зығын бірінші болып қиып өтіп, әлемдік рекордты жаңартады. Алға­шын­да күллі көрермендер қол шапалақ­тап, қаһарман қызға ерекше сый-құрмет көрсетеді. Алайда көп кешікпей Рози­дің арамза әрекеті әшкереленеді.

ANATILI.KZ. «Тілдік тұлға. Х.Досмұхамедұлы бұл деңгейге қалай көтерілді?»

JASQAZAQ.KZ. «Апат пен ақша» - «Протон» құлаған соң Байқоңырдағы ахуал туралы мағлұмат там-тұм. Мойындау керек, мәскеулік БАҚ (бәрі болмаса да) шапшаң, жедел. Міне, солар ғарыш айлағындағы қызметкерлердің жарылыс болған жерден әкетілгенін хабарлады. Өйткені, аспанды улы бұлт торлап тұр. Зымыран тасығыштың сынығы 200 метрлік аумақты ойып тастапты. Улы майдың қаншасы қара жердің қойнына кеткені бізге беймәлім.

ZHEBE.COM. «Ресейге жалға берілген әскери полигондардың әр гектары небары 349 теңге тұрады!» - Өткен  аптада Алматыда  ұлтшыл-патриоттар арнайы баспасөз мәслихатын өткізген. Нақтырақ айтсақ,  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті Мұхтар Тайжан  еліміздегі әскери полигондардың мәселесін көтергені бар. Әскери полигон болғанда да,  шетелдіктерге жалға  берілген жерлер жайлы  сөз қозғап еді.  Сөйтіп,  ондаған жылдар бойы  сынақтар жасалған  полигондардың зардабы туралы жаһанға  жар салған.

5 шілде 2013, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.