BNEWS.KZ. "Рамазан айында америкалықтар мұсылмандардың өмір сүру салтымен таныспақ" - АҚШ-тың ықпалды қоғамдық ұйымы америкалық мұсылмандарды өздерінің өмір сүру салтымен және философиясымен таныстыруды сұрады. АҚШ мұсылмандарының oumma.com ақпараттық порталы хабарлағандай, мұны Рамазан айында мұсылман еместерді ауызашар асына шақыру арқылы жүзеге асыруға болады, деп жазады muslim.kz.
NEWSKAZ.KZ. "Байқоңырдағы «Протонның» апатқа ұшырауы салдарынан тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ" - Байқоңырдағы «Протонның» апатқа ұшырауы салдарынан халыққа қауіп әлі де төніп тұрған жоқ, деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына облыстық ТЖ департаментінде.
AZATTYQ.ORG. «"Қыз зорлауға" қарсы халық полицияны шабуылдады» - Украинадағы Врадиевка ауылының мыңға тарта тұрғыны "әйел зорлады" деген күдікті полицейдің босатылғанына наразылық танытты. Шілденің 3-і күдікті сот шешімімен қайта қамалды.
ZHASALASH.KZ. "Төбеден у төгiлдi" - Аспай-саспай айтатын ақпарат емес, жанайқайың естiлу керек мұндайда. Қара жердi қуырып, ауаны ластаған 600 тоннаға жуық гептилден не кесел келетiнiн бiр Құдайдан сұрамасаң, тiрi пенде айтпайды ендi. Экологтардың зерттеу қорытындыларының алды белгiлi бола бастады. Яғни, Байқоңыр, Төретам, Ақай елдiмекендерi төңiрегiнен алған сынамалар көрсеткiшi шектi көлемнен аспаған. Сондай-ақ, жарылыстың әсерiнен науқастанғандар тiркелмегенiн жеткiздi жергiлiктi билiк.
"Байқоңырды Ресейдiң сынақ айлағына айналдырып, үндемей өле бергiмiз келмейдi!" - Ресейдiң 600 тонна улы гептилi бар “Протон” зымыранына байланысты мынаны мәлiмдеймiз: Бұл апат осы кезге дейiнгi Ресейдiң қазақ халқына жасап келе жатқан озбырлығының жалғасы екенiн, оның әлi де тоқтамай отырғанының айғағы екенiн дәлелдейдi. Елiмiзде Ресейдiң бiрнеше әскери полигоны үстiмiзден у сеуiп, үстiмiзден оқ атып, бүкiл қазақ халқын сынақ жәндiгi ретiнде пайдалануын жалғастыруда. Бүгiнгi апат Байқоңыр айлағында бiрiншi рет болған апат емес. Бұған дейiн бiрнеше рет “Днепр”, “Протон” зымырандары құлаған. Сол кезде төгiлген гептилдiң улы зардабы кезiнде жасырылып келдi. Бұл жолы да солай бола ма деп қорқамыз.
"Сауатты не үшiн сырғытты?" - Мұнай және газ министрлiгiндегi ауыс-түйiске қатысты бар болғаны “басқа қызметке ауысуына байланысты” деген түсiнiк берiлген. Алайда С.Мыңбаевтың министрлiктен кетуiн сан-саққа жүгiрткен жорамалдар әлеуметтiк желiлерде қаптап кеттi. Бiрi министрдiң бұл кетiсiн саяси алаңнан аластау деп бағаласа, ендi бiреулер сыртқы күштердiң ықпалынан деп долбарлауда. Қалай десек те, С.Мыңбаевтың күтпеген тұстан қызмет ауыстыруы бекер емесi анық. Оған бiрнеше себеп болуы мүмкiн.
ZHEBE.COM. "Төңкеріс үшін АҚШ-пен ақылдасқан" - Шынында да АҚШ билігі демократиялық жолмен билікке келген Мурсидің әскери төңкеріспен қызметінен кетірілгенін айыптаған жоқ. Керісінше мысырлық генералдар АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгел және штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Мартин Демпсеймен телефон арқылы сөйлесіп, тез арада сайлау өткізуге, елдегі АҚШ мүддесіне зиян тигізбеуге уәде беріпті. Бұл туралы «Ассошейтед Пресс» агенттігі хабарлады.
"«Байқоңырға» қатысты келісім қайта қаралып, еліміздегі Ресей полигондары жабылсын!" - Мұхтар Тайжан, Айдос Сарым, Қасым Аманжолұлы бастаған бір топ азамат Қазақстандағы Ресей елшілігінің Алматыдағы бас консулдығына барып, «Байқоңыр» ғарыш айлағында болған апатқа қатысты және Қазақстан жеріндегі Ресей полигондарының жабылуын талап еткен наразылық хат тапсырды.
SERKE.ORG. "«Құраншылар» қажылық жасады" - Бір Аллаға бас ұрып, Құранды ғана басшылыққа алатын «құраншылар» қажылық жасады. Олардың биылғы қажылығы Қара теңіздің жағалауындағы Одесса қаласында 26-30 маусым аралығында өтті. Қажылыққа Еуразия құрлығы мен Таяу шығыс елдерінің өкілдері қатысты. Бес күнге созылған жиын барысында дін мен философияның өзекті мәселелері талқыланды.
"Халық Қаһарманы журналиске қай жаққа «иди...» деді?" - Қазкосмостың» басшысы, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаев Астанада журналистерге сұхбат беру кезінде КТК телеарнасының қазақ бөлімінің тілшісі Ербол Сейілханды тілдеп тастады. Ол журналиске орысшалап «3 әріппен айтылатын жаман сөзге» кет» деп айтқан сияқты. Бірақ журналист ғарышкердің кет деген жағына кете қоймады...
AIKYN.KZ. "Президенттің афоризмге айналған сөздері жеке жинақ болып шықты".
"Набукко жобасы кiмге тиiмдi?" - Набукко жобасы еуропалықтарға экономикалық проблемаларды шешу үшін емес, алдымен саясат үшін қажет болып отырғаны айдай әлемге белгілі деген сөз. Олардың көз алдына үнемі Мәскеудің газ арқылы өздерін тілін шығарып, мазақ етіп отырған кейіптері елестеп тұратын секілді. Ал Әзірбайжан болса, орыстардың аузын аңқитып, көгілдір отынды оларды айналып өтіп, басқа жақтан алуға мүмкіндік тудыратын бірден-бір жол болып көрінуде. 20-30 жылға дейін орысқа жалынбай газбен қамтамасыз ете алады.
ALASHAINASY.KZ. "Азамат ердің баласын «Протон» құлағанда танисың!" - Апатқа қатысты нақты дерек айтылмағанымен, ақпарат агенттіктері белгілі деректерді ғана алға тартып отыр. Мәселен, «Азаттық» радиосы зымыран құлаған соң Байқоңыр қаласы мен Төретам, Абай ауылдарында өрт түтіні сары түсті бұлтқа айналып, аспанды жауып қалғанын хабарласа, апат болған уақыттан бастап үзбей ақпар берген «Интерфакс-Қазақстан», «ҚазАқпарат» агенттіктері зымыранның ұшырыла салысымен бесінші секундта-ақ ғарыш айлағының аумағына, старт алаңынан 1 шақырымдай жерге құлағаны туралы мәліметтер беріп жатты. Кейбір деректер бойынша зымыран апатынан жерге 500-600 тоннадай улы жанармай-гептил төгілді деген де хабар тарады.
"Ірімшік өндірісі қашан өркендейді?" - Бүгінде азық-түлік себетіндегі ең сұранысы жоғары тағамның бірі – сыр, яғни ірімшік. Бағасы қымбаттығына қарамастан, оған деген сұраныс еш уақытта да төмендеген емес. Бұрындары тек импорт ірімшік жейтін едік. Бүгіндері, шүкір, отандық өндірісшілер аузымызды аққа жарытты. Сүт өндірісінде соны соқпақ салған «Фудмастер» мен күні кеше ірімшік өндіруге қадам басқан Бурный ірімшік зауыты өнімді өкіртуде. Алайда дүкен сөрелерінде «жарты патшалық» құрған, шекесінде шетелдік таңбасы бар өнімдерді түре қууға шамасы жетер емес.
TURKYSTAN.KZ. "«Құпия сандық» құлдыраудың алдында. Швейцария банктеріне кім шүйлікті?" - Бұл әрекет негізсіз емес, әрине. Өйткені Швейцария елі 300-ден астам банктің арқасында ЖІӨ-ді бір деңгейде ұстап, тұрақты экономика мен халықтың әлеуметтік ахуалын оңтайлы қалыптастырып отыр. Америкалық The New York Times газетінің интернет-порталында осы мәселе қайта көтерілді. АҚШ тарабы швейцарлық банктерден салықтан қашқан американдық азаматтардың аты-жөнін атап беруін сұрауда. Алайда бір ғасырлық қатқан қағидасы бар банктер мен үкімет бұл талапты орынсыз деп тауып, кері қайтарды.
HALYKSOZI.KZ. "Арман ӘУБӘКІР: Зерттеу мақала жазу үшін психикалық ауруханаға жатып, өзімнің жүйкемнің сыр бере бастағанын аңғардым" - Қиын тақырыпты алып шығу адамның өз ерік-жігеріне байланысты делік. Дегенмен, журналист те адам ғой. Оның биологиялық-физиологиялық һәм материалдық қажеттіліктерін қайда қоямыз? «Ораза-намаз – тоқтықта» дегендей, аштықтан өзегі талған адам салиқалы терең ойға бата ала ма?
"Адам союдың ақиқаты" - «Өзекті жанға – бір өлім». Қазақ әруақты арулап жерлеуді ата парызына балағаны бесенеден белгілі. Ел арасында мәйітхана жайлы қаңқу әңгіме желдей еседі. Мән-жайды көзбен көріп, көңілге түю үшін мәйітханаға жұмысқа тұруға белді бекем будық.
JASQAZAQ.KZ. "Сорос пен сәләфидің арасы".