2024 жылғы 22 тамызда сағат 01:40-та Атырау облыстық ТЖД-на Атырау қаласы Ақжар ауылы тұсында бір бала суға батып кеткені туралы шақырту түсті.
Оқиға орнына жеткен кезде, 2010 ж.т. ұл бала белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсу кезінде батып кеткендігі анықталды.
Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері таңға дейін шақырту орнында су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Сағат 6:30-да іздестіру жұмыстарын жалғастырып, Атырау облысы ТЖД 16 құтқарушы, 4 бірлік техника, 4 жүзу құралы жұмылдырылды.