Атырау, 23 қараша 12:26
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Оларға кім жетекшілік етеді?» Атыраулық кәсіпкерлер блогерлерден шаршады

508 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Атырауда тамыздың 15-інен 16-сына қараған түні жергілікті блогерлердің «тексерісінен» шаршаған кәсіпкерлер облыс әкімдігінің алдына жиналды, деп хабарлайды Orda.kz.

Кәсіпкерлердің айтуынша, блогерлер оларға келіп, тауарын немесе дүкендердің алдындағы қоқысты видеоға түсіріп, полиция шақырады. Олардың кейбірі өздерін журналистпін немесе қалалық әкімдіктің қызметкерімін деп таныстырады.

«Жақында маған жергілікті блогер келіп, дүкенімді түсірді. Бұл әкімдіктің тапсырмасы екенін айтты. Бізге жұмыс жасауымызға кедергі келтіреді», – дейді кәсіпкерлердің бірі.

Бұдан басқа, қазір Атырауда дүңгіршектер алынып жатыр. Бұл да шағын бизнесті алаңдатады.

«Жақында дүңгіршегімді алып кетті. Мемлекеттен грант ұтып алып, дүңгіршек сатып алған едім. Алдымен блогер видеоға түсіреді, содан кейін полиция қызметкерлері қала әкімдігі қызметкерлерімен бірге келіп, дүңгіршекті алып кетеді. Енді мынадай сауал бар: егер блогерлердің мемлекеттік органдардың өкілдеріне еш қатысы болмаса, неге олармен бірге жүреді?» – деп сұрайды кәсіпкер әйел.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, шенеуніктер блогерлерге ешқандай тапсырма бермеген.

«Олар қала әкімдігінің қызметкерлері емес. Олар сіздерге нұқсан келтірсе, арыз жазыңыздар», – деді қала әкімінің орынбасары.

Кәсіпкерлер құқық қорғау органдарына ұжымдық арыз жазды. Олар мемлекеттік органдарда блогерлердің қамқоршылары бар екеніне сенімді.

Жақында Атырауда кәсіпкерден екі миллион теңге бопсалады деген күдікпен полиция блогерді ұстады. Оған да ұрлық жасады деген айып тағылды. Қазір ол тергеу изоляторында сотты күтіп отыр. Қаңтар айының басында тағы бір атыраулық блогер судьяға тіл тигізгені үшін қамауға алынған еді.

20 тамыз, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.