Атырау, 23 қараша 12:49
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мақат ауданында жаңа әкім

592 просмотра

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Мақат ауданының әкімі лауазымына Азамат Мәмбетов тағайындалды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Азамат Мәмбетов 1986 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық заң университетінің «заңгер», Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «экономист» мамандығын тәмәмдаған.

Еңбек өтілі:

08.2006 - 12.2009 жылдар аралығында Ақтөбе қалалық әкімі аппараты жанындағы мекемеде кадр жөніндегі бас маман;

01.2010 - 06.2019 жылдар аралығында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының кадр ісі жөніндегі бас маман, заңгер, бөлім басшысы;

06.2019 - 05.2021 жылдар аралығында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында  бөлім басшысы, кейін басқарма басшысының орынбасары;

05.2021 жылдан тағайындалғанға дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымы қызметін атқарды.

20 тамыз, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.