Атырау, 22 қараша 06:01
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Курск облысында Украина күштерінің соңғы көпірді жойғаны хабарланды

415 просмотра
Сейм өзенінде жойылған алғашқы көпір. Скриншот.

Украина әскері Ресейдің Курск облысында Сейм өзеніндегі үшінші көпірді жойды. Бұл жөнінде Азаттық радиосы ресейлік блогерлер Владимир Романов және Юрий Подолякаға сілтеме жасап хабарлады.

Курск облысының губернаторы міндетін атқарушы Роман Алехин Подоляканың хабарламасын "мұқият тексерілген" мәлімет деп атады. Енді Ресей әскері өзеннен өту үшін понтон қолданып жатқан болуы мүмкін. Көпірдің жойылғанын дәлелдейтін құжат әзірге шыққан жоқ.

Украина қарулы күштері әзірге түсініктеме берген жоқ.

Мәселе Курск облысының Глушков ауданындағы Карыж селосындағы өткелдер жөнінде болып отыр. Сейм өзеніндегі алғашқы көпір 16 тамызда бұзылған, екіншісі 18 тамызда жойылған. Екі көпірдегі жарылысты Украина әскері мойнына алды.

Блогерлер Карыждағы көпірді соңғы өткел деп атаған, алайда Кекино ауылы маңында да тағы бір көпір бар екені айтылған. Бұл көпірді Ресей әскері азық-түлік, оқ-дәрі тасымалдау үшін қолданады, алайда "ол да іс жүзінде Украина қарулы күштерінің бақылауына өтті, себебі жау жақтың дроны соққылайтын аймақта тұр" деп жазды Подоляка.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы басты міндеті – "басқыншының жерінде буферлік аймақ құру". Украина әскері майданның барлық бөлігінде – Курск облысында да Ресейдің әскери әлеуетін жойып жатыр деді Зеленский.

20 тамыз, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.