Атырау, 23 қараша 12:22
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырауда әлеуметтік салада жемқорлық анықталды

671 просмотра

Онға жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, 26 ұсыным енгізілді.

Облыстық тамыз конференциясында сөз сөйлеген Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан ЖАХИННІҢ мәліметі бойынша талдау барысында мемлекетке іс жүзінде жұмыс істемейтін 12 мектептің 41 «өлі жанға» жалақысын аудару нәтижесінде шамамен 90 млн.теңге шығын келтірілгені анықталды.

«Бұл ретте, Департамент бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелеріне цифрлық шешімдерді енгізу шеңберінде бюджеттік өтінімдерді ұсыну тәртібін бекіту; жалақы мен аванстарды бақылау тетігін әзірлеу және енгізу; қолданыстағы заңнамаға сәйкес педагогтер мен басқа да қызметкерлердің жұмыс сағаттарын лимиттен тыс белгілеуді болдырмайтын тетік бөлігінде бірқатар ұсынымдар ұсынды. Аталған шаралар қазірдің өзінде жымқыру тәуекелдерін барынша азайтуға және жергілікті атқарушы органдардың бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша сатып алынатын ақпараттық жүйелердің міндетті параметрлері мен техникалық сипаттамаларын біріздендіру үшін құқықтық жағдайлар жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Н.Жахин.

Сонымен қатар, Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы саналы жастарды тәрбиелеу бойынша одан әрі қарқынды жұмыс жүргізуді ұсынды.

Өңірдің білім беру жүйесін одан әрі тиімді дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға сапалы білім беру және жас ұрпаққа отансүйгіштік, еңбекқорлық, парасаттылық құндылықтарын сіңіру шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырылды.


Сондай-ақ, Антикор Атырау сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру бойынша бірінші жартыжылдықты қорытындылады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру бойынша брифинг өткізді.

Карта процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне және т.б. байланысты шешімін таппайтын өңірдегі проблемаларды ескере отырып әзірленген.

Негізгі басымдық халықтың ауыр мәселелерін шешу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады.

Атырау облысының картасына 9 проблемалық мәселе енгізілген: экология, олигополия, жолдар мен инфрақұрылым, медицина, бизнесті қорғау, апатты және тозығы жеткен тұрғын үй, агроөнеркәсіптік кешен, жылу электр станциялары және ұзақ құрылыс нысандары.

1 жартыжылдықта аталған салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді және оларды жою бойынша ұсынымдар енгізілді.

Мысалы, әлеуметтік қолдау саласында еңбекақы төлеу қорынан бөлінген қаражатты ұрлау, гранттар беру, атаулы әлеуметтік көмек алу, әлеуметтік мақсаттағы объект салу, мүгедек адамдардың құқықтарын шектеу, пациенттер үшін азық-түлік сатып алуға бөлу кезінде тәуекелдер белгіленген.

Денсаулық сақтау саласында бағаны жасанды түрде көтеру, медициналық бұйымдарды мақсатсыз пайдалану, мүдделер қақтығысы, еңбекақы төлеу қорынан қаражат ұрлау тәуекелдері белгіленген.

Бұдан басқа, 10,5 млн теңге сомасында бюджет қаражаты қайтарылды, оны медициналық мекемелердің директорлары жоғары оқу орындарында өз оқуына жұмсапты.

Жолдар саласында бірқатар қоғамдық мониторингтер жүргізілді және 50-ден астам бұзушылықтар анықталды, оларды мердігер компаниялар осы уақытқа дейін жойған жоқ.

Ұзақ құрылыс нысандарын сүйемелдеуге қатысты Мақат ауданында 60 пәтерлі 3 қабатты үйдің құрылысы қайта жанданды.

Экология саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталды.

Тек тәуекел картасымен шектелмей, өзге де салаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жалғасуда. Атап айтқанда, спорт саласында жалған дипломдары бар жаттықтырушыларды, сондай-ақ бұрын сотталған адамдарды қабылдау фактілері анықталды.

"Бизнеске жол" жобасы аясында 1 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды.

Алдағы кезеңге арналған міндеттер бірінші жартыжылдықта қамтылмаған салаларға баса назар аудара отырып, өңірдің тәуекелдер картасы бойынша жұмыс айқындалды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 тамыз, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.