«Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Атырау облысында даму ерекшеліктері бар үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.
Орталықтың ресми ашылу салтанатына «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан ЖАҚЫПОВ және Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВ қатысты.
Нұрлан Жақыпов корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Қор мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамдық өмірге толыққанды араласуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысатынын атап өтті.
Орталық «Самұрық-Қазына» АҚ тобының атынан «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды. «Самұрық-Қазына» АҚ қатысуымен Қазақстанда 40 оңалту орталығы іске қосылды, онда 40 мыңнан астам бала көмек алды.