Атырау, 23 қараша 12:19
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тоқсаннан астам адамға өрт оқиғасы бойынша айыппұл жазылды​

454 просмотра
Көрнекі сурет

Биыл Атырауда 188 өрт оқиғасы тіркелді. Жыл басынан бері 988 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 377 әкімшілік іс қозғалды. 

Бұл туралы Атырау облысының ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығы Бағдат АБДУЛЛИН мәлім етті.

- Жыл басынан бері облыста 188 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам мерт болып, 9 адам жарақат алды. Материалдық шығын көлемі 7 миллион 338 мың теңгені құрады. Әйтсе де, өрт оқиғасын алдын-алуға 79 433 адам қамтылды. Өрт оқиғасы бойынша 286 тұрғынға ескерту беріліп, 91 азаматқа 3 452 560 теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды, - деді Б.Абдуллин.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 тамыз, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.