18 тамызда 1954 ж. т. ер адам 2015 ж. т. ұлымен бірге Атырау қаласынан Махамбет ауданына қарай балық аулауға автокөлікпен шыққан. Азаматтар ұзақ уақыт байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Іздеуге шыққан ТЖМ құтқарушылары оларды Махамбет ауданының Көздіқара елді мекеніне жақын орналасқан "Нарын" каналының бойынан тапты. Автокөліктегі аккумулятор отырып қалғандықтан, олар үйлеріне орала алмаған. Азаматтар медициналық көмек қажет етпеген.