MASA.KZ. «Құмар Жұмахан. Қазақ өз астанасына өзі – қонақ»
AZATTYQ.ORG. «Қазақстан ConocoPhilips-тің Қашағандағы үлесін алмақ» - Қазақстан үкіметі ("Қазмұнайгаз" компаниясы арқылы) америкалық ConocoPhillips компаниясының Қашаған мұнай кен орнындағы акциясын - 8,4 пайыздық үлесін сатып алады деп хабарлады Қазақстанның мұнай және газ министрлігі.
«Әблязовтың «қырғыз паспорты» заңсыз жасалған» - Қырғызстанның ресми өкілдері қуғындағы қазақ оппозициялық саясаткері, банкир Мұхтар Әблязовтың суреті жапсырылған «қырғыз паспортының» заңсыз жасалғанын айтады.
«Назарбаевқа сұрақ қойған шетелдіктің әсері» - Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстанға жасаған сапары кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың адам құқықтары туралы айтқан сөздерін әлемдік БАҚ сынап шықты.
ZHASALASH.KZ. «Жапон баласы ұлттық мүдденi бәрiнен жоғары қояды» - Жапон баласы баратын балабақша мен мектептiң iшкi безендiрiлу үлгiсi мiндеттi түрде ұлттық нақышпен бейнеленедi. Әрбiр батыры мен танымал тұлғасын дәрiптеп, оның асқан ерлiгi арқылы жапон халқының кереметтiгiн үйретуде ата-ана мен мұғалiм, тәрбиешiлердiң сiңiретiн еңбегi шексiз. Содан болса керек, жапондар ұлттық мүдденi бәрiнен биiк қояды, сол үшiн қызмет етедi.
«Мемлекеттер арасындағы сенiм дағдарысы» - Парламент сенатының төрағасы Қ.Мәмидiң сөзiне қарағанда, ол ЕҚЫҰ кеңiстiгiндегi қауiпсiздiктi сөз етуге итермелесе керек. Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның парламент ассамблеясының Стамбулдағы 22-шi сессиясында сөйлеген сөзiнде ол одан әрi былай дедi: “Саяси ерiк-жiгер мен сенiмдi нығайту бiздiң ортақ әрi бiрлескен миссиямыз!”.
ABAI.KZ. «Шынкеевті «шынжырмен» сүйрегендер қазақ күресін қорлады» - Қазақ күресі – ұлттың ұстыны. Архипелаг мемлекет саналатын Жапония дзюдосын күллі әлемгі әйгіледі. Тіпті олимпиадалық спорт түрлерінің қатарына енгізді. Текті қазақтың делебесін қоздыратын қазақ күресін шартарапқа танытуды қолға алғандар үшінші жыл қатарынан «Қазақ барысы» мега жобасын ұйымдастырды. Қазақтың кіл қапсағай денелі, тоқпан жілікті, сом тұлғалы толағайлары әр аймақтан оза шауып, жүлдеге сүйем қарыс жерге келіп, сүрініп кеткенде тілімізді тістеп қалушы едік. Бұл жолы бәрі басқаша болды.
SERKE.ORG. «Мұхтар Әбілязов тығырыққа қалай тірелді?» - Шетелде бой тасалап жүрген Мұхтар Әбілязовтың қызы Мәдина Әбілязова-Храпунова «Paris Match» атты француз журналына берген сұхбатында «Менің әкем 15 жылдан бері басты оппозиционерлердің бірі болып саналады. Басқалардың бәрі өлік» депті. Екі баланың шешесі, 25 жастағы Мәдинаның мынау сөзінен оның әлі ақыл тоқтата қоймағанын, әкесінің бұған дейінгі саяси қадамдарына толық зер салмағанын байқауға болады. Сондай-ақ, ол әкесінің қандай мақсатпен Ақорданның оппонентіне айналып кете барғанын, осы бір текетіресте оның оңбай жеңіліс табуының себебін әлі түсінбеген сияқты.
ALASHAINASY.KZ. «Ағылшындар қазақтың мұнайын ғана емес, миын да сұрайды» - «Бізде шетелден келетін студенттердің санына нақты шектеу жоқ. Дегенмен олардың оқу үлгерімі дұрыс болуы шарт. Ал дарынды, кәдімгідей генийлер болса, біз оларды жұмысқа алуға даярмыз. Шынын айтсам, бізге жай экономикалық мигранттар қажет емес», – дейді Ұлыбританияның премьер-министрі Д.Кэмерон.
«Қазақтың «миы» басқаға да керек» - Оқушылардың жүйкесіне жүк салған биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу артта қалды. Тестілеуден тәуір ұпай алғандар өздеріне ұнаған мамандықты таңдап, мемлекет бөлген оқу гранттарының иесі атану үшін құжаттарын тапсырып жүр. Бірақ мемлекеттік тапсырыс бойынша еліміздің жоғары оқу орындарында тегін білім алуға талпынушылар арасында Қызылжардың жастары жылдан-жылға азайып келеді. Оған себеп – Қызылжар ғана емес, Ресеймен шекаралас өзге де облыстардың білімді оқушыларын көрші мемлекеттің университеттері іріктеп әкетіп жатқандығы. Ал оқуын бітірген соң олардың елге оралатындары тым сирек, көбі көрші елде түпкілікті тұрақтап қалады екен.
NAMYS.KZ. «Нудистер Бурабайдың баурайында неге құтыруы керек?!» - Осындай жаңалықты естісімен қатты шошынып қалдым. Айтатыны жоқ, мұндай “мәдениет” арқылы нудистер біздің туған өлкемізге туристерді көптеп тартпақшы екен. Ресейдің бұл қауымдастығы жәй ғана фестиваль өткізбекші дегенге сенбеймін. Себебі өткен жылы да олар тырдай жалаңаш күйде Бурабайда сайран салғаны бар. Сонда фестивальдің соңында тыр жалаңаштанған еркектер мен әйелдердің сорақы істерін біреу білсе, біреу білмейтін шығар…
JASQAZAQ.KZ. «...Тойдың болғанынан боладысы қызық» - Қазір дүйім елді елеңдетіп отырғаны – Астананың 15 жылдық мерейтойы. Сонымен, бұл той бұрынғылардан несімен ерекшеленбек?..
ZHEBE.COM. «Біз Ресейге ауаны жалға берген жоқпыз Талғат мырза!» - Ресей жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш айлағында апат болды. Күні бүгінге дейін апатқа ұшырай беретіндігімен аты шыққан «Протон-М» зымыранының тағы біреуі құлап, улы отын айналаға жайылды. Кейбір ақпарат құралдары Төретам және Ақсай ауылдарының халқына үйлерінен шықпауға кеңес берілгендігін хабарлауда. Абырой болғанда апат кезінде адам шығынға ұшырамады. Мал болмаса да, жан аман. Бірақ...