16 тамызда Атырауда Спорт күні аталып өтті. Үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттауға арналған дәстүрлі жиынға Париж Олимпиадасында бақ сынаған Әбиба ӘБУЖАҚЫНОВА мен Эсмигуль КУЮЛОВА да қатысты.
Өңір басшысы Серік ШӘПКЕНОВ Атырау спортының дамуына үлес қосып келе жатқан спортшыларға ризашылығын білдіріп, тілегін арнады.
С.Шәпкенов спортты өркендету, спортшыларға жан-жақты қолдау жасау мақсатындағы жұмыстар жалғасын табатынын айтты.
Демеушілердің қолдауымен Париж олимпиадасында бақ сынаған спортшыларға атыраулықтардың атынан «Zeekr» автокөлігін сыйға тартты.
Айта кетейік, әлемдік додада Әбиба Әбужақынова бесінші орын алған еді. Ал, Эсмигүл Куюлова алғашқы белдесуінде қарсыласынан жеңіліп қалды. Кейін командалық сайыста да қарсыласына есе жіберді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ