Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикаға қарсы іс - қимыл, жалған шот-фактуралар жазып беруді анықтау және жолын кесу жөніндегі жүйелі жұмысты жүргізуде.
Бұл бағытта тек Қостанай облысында бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.
Мәселен, 2022 жылы Қостанай облысының аумағында 1 млрд теңгеден астам сомаға 6 контрагенттің атына шот-фактуралар жазып беруді жүзеге асырған шаруа қожалығының басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде, бұл контрагенттерге мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 200 млн. астам теңге.салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік берді.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.